Жамбыл жол бөлімшесі мен №13 Тараз темір жол колледжі «Темір жол кезекшісі» мамандығы бойынша апталық өткізді

Аймақтар
19.12.2018, 11:06

Апталықты ұйымдастыру арқылы колледж басшылығы студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығы мен жауапкершілігін қалыптастырып, еңбек адамдарын құрметтеу, жұмыс өнімділігін арттыру бағытында тәрбиелеуді көздеді. Апталық аясында колледждің оқу өндірісі шеберлері А.Махамбетова мен Р.Асымбекова студенттерге мамандықтары жайлы қызықты мәліметтер беріп, өткізілген ашық сабақтарда темір жол терминдерінің ағылшын және орыс тілдерінде қалай аталатынын түсіндірді.    

Ал, арнайы пән оқытушысы А.Дәрменбаева қашықтықтан республикалық Түрксіб олимпиадасына 17 студентін қатыстырып, олардың үшеуі 1-орын иеленсе, 12 студенті мақтау қағазына, қалғаны арнайы сертификатқа ие болды.

Сондай-ақ, осы апталық аясында «Егеменді елімнің білікті маманы» атты зияткерлік ойыны өткізіліп, колледж студенттері өздерінің білімі мен таным көкжиегі бойынша бақ сынасты. Және де оқу өндірісінің шеберлері «Колледж түлектері – біздің мақтанышымыз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, кездесуде Республикалық жастар форумына қатысқан арнайы вагон жолсерігі М.Көшербаева, жүк қабылдаушы Т.Байдәулетов, оператор Л.Мирзаулина, автоматтандырылған басқару жүйесінің операторы С.Кенжеғали сынды түлектер мен студенттер арасында әдемі диалог орнап, болашақ теміржолшылар кеше ғана өз араларынан ұшып шығып, бүгінде өндірісте еңбек етіп жүрген аға-апаларынан пайдалы мағлұматтарға қанығып, кеңестер алды. Айта кетерлігі, жоғарыда аты аталған жас мамандарға Жамбыл жол бөлімшесінің басшылығы қолдау білдіріп, Астана қаласына дуальді оқытуға жіберіп, кейін жұмысқа қабылдаған болатын.

Осылайша, теориялық білімді үнемі тәжірибемен ұштастырып отыруды дұрыс жолға қойған колледж басшылығы осы апталықтың шеңберінде студенттерді колледждің әлеуметтік серіктесі саналатын Жамбыл жол бөлімшесінің мамандарымен таныстырып, өндірісті олардың өз ауыздарынан естіп, көзбен көруіне мүмкіндік жасады.

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, 

Тараз


Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды