Төрт құбыласы тең

Аймақтар
07.03.2019, 13:04

Ақсұлу өзін әкесіне тартқанмын дейді. Әкесі Еділ қазаққа онша келіңкіремейтін, көк көз, сары кісі болғанға ұқсайды. Еңбек және соғыс ардагері, танымайтын адамдар оны қазақ деп те ойламай, кезінде талай қызық оқиғаларға куә болғанын айтып отырады екен.   

  1964 жылы Атырау облысы, Сағыз станциясында 8 балалы теміржолшылар отбасында өмірге келген Ақсұлу өзінен үлкен 2 ағасы мен 1 апасы, 3 сіңлісі мен 1 інісі бар, бақытты шаңырақта өсіп-өнгенін сағынышпен еске алады.   

– Әкем де, шешем де теміржолдың ең қиын саласы, жол шаруашылығында жұмыс істеді. Әкем жол шебері, шешем жол монтері болды. Сағыз станциясы – күрежолдың бойы. Көргенім теміржол. Біздің тұрған жеріміз үшінші қазақ ауыл деп аталды. Мектепке теміржолдан өтіп баратын едік. Ол кезде №74 орта мектеп теміржолшылар мектебі болды. Онжылдықты сонда бітірдім. Әкем жол шебері болғандықтан, түннің бір уағында да, әсіресе қыстың күндері жұмысқа көп шақырылып кететін. Үйімізде қолмен айналдыратын телефон болды. Сол шырылдаса бітті, тәуліктің кез келген уақыты әкем тік тұратын. Кейде «ана жерде бірдеңе болды-ау» деп топшылап отыратын. Қыстың күні стрелкаларды қар көміп қалып, түнімен жүретін жолшылармен соны тазартып. Дала боран, ысқырық жел. Әкем келгенде шұбырған бала алдынан тура жүгіреміз. «Үстім мұздай, жоламаңдар» дегеніне қарамаймыз. Мұртына қатпаш-қатпаш мұз қатып қалатын. Соны таласып түсіретін едік. Сол жағдайлар әлі күнге дейін есімде. Қазір әкем бұл өмірде жоқ, 60 жасында зейнетке шықты да көп жасамады...

 Өткен өмір естеліктерімен бөліскен Ақсұлу өзінің теміржолшы кәсібін таңдауына ата-анасының ықпалы күшті болғанын жасырмайды. Ақтөбеде оқу бітірген соң әкесінің туған жері Маңғыстауға баруды қалайды. 1986 жылы Ақтауға келіп, сәуірдің 10-нан бастап Маңғышлақ станциясына жүк қабылдап-тапсырушы болып жұмысқа қабылданады.

 1988 жылы Балтабек есімді жігітке тұрмысқа шығып, отбасын құрады. 1989 жылы Әйгерім атты қызды болса, 1990 жылы Әсет атты ұлды болып, 1992 жылы қайтадан жұмысқа шығады. Содан 1995 жылы аға жүк қабылдаушы, одан кейінгі жылдары тауар кассирі, жүк ауданының бригадирі, жүк ауданының бастығы қызметтеріне дейін көтеріледі. 2006 жылдан бері Маңғышлақ станциясы бастығының логистика жөніндегі орынбасары.

– 1990 жылдары тоқырау болды. Барлық нәрсе талонмен берілетін. Жүк те тоқтап қалды. Жұмыс жоқ болғандықтан, табыс та аз болды. Ауысыммен жұмыс істедік. Күніне бір пойыз келсе, қатты қуанатын едік. Ауысым болғанда теміржолшылар бір-бірімізден «Пойыз болды ма?» деп сұраймыз. «Иә» десе, «Жақсы болған екен» деп мәз болушы едік. Мен қазіргі жастарға соны айтам, баяғыда пойыз келді, жұмыс болатын болды деп қуанушы едік. Сендер қазір жұмыс көп деп жыламаңдар. Одан да қуаныңдар. Асылында, бұл теміржолдың өскені, өркендегені деймін, – дейді теміржолшының қызы Ақсұлу Еділқызы.

 Бүгінде өткен өміріне көз салып Ақсұлу өзін арман мақсатына қол жеткізген бақытты жанмын деп санайды. Әкесінің арманы ұрпағының ата-бабасының жері түбекке оралуы болған екен. Өзі өмірден өткен соң Ақсұлу бастап бала-шағасы түгел Маңғыстауға оралыпты. Аналары Тыныштық қазір 83 жаста.

Отбасы туралы айтса, жолдасы Балтабек Бисенов мұнайшы. Бос уақытында мал шаруашылығымен айналысады. Жылқы бағады. Күздік, соғым сояды. Ақсұлу өз қолымен тұздап-дәмдеп қазы-қарта дайындағанды ұнатады. Тұңғыштары Әйгерім бүгінде тауар кассирі болып жұмыс істесе, ұлдары Әсет – электрик. Ұлдарының хоббиі құс өсіру екен. Бүгінде ауласында құстың түр-түрін өсіріп отыр. Адам денсаулығына құстардың пайдасы жоғары екені белгілі, соның ішінде бөдененің еті мен жұмыртқасы бірнеше ауруға шипа, емдік қасиеті зор болғандықтан тамаққа да жиі пайдаланады екен.

Ал Ақсұлудың өзі кәсіби теміржолшы ғана емес, гүл баптаудың да шебері. Есігінің алдына қызыл, сары, күлгін гүлдің алуан түрі өсіп, жұмыс орны да түрлі жасыл желекке толы. Қықасы, төрт құбыласы тең қазақтың отбасы осындай-ақ болар, көз тимесін...

Әсел ТАҢАТАРОВА, 

Маңғыстау


Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат