Ақтөбелік теміржолшылар 102 жастағы майдангерді Жеңіс күнімен құттықтады

Аймақтар
13.05.2019, 11:43

Ғасырдан аса жасаған Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт теміржолшы Артем Алек сеевич Қандыағашта тұрады. Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Темірғали Көштаев бастаған теміржолшылар 102 жастағы майдангерді Жеңіс күнімен құттықтап барды.

Проскурня Артем Алексеевич 32 жыл Қандыағаш жол дистанциясында еңбек еткен. Ол 1917 жылдың 23 сәуірінде Ақтөбе облысы Ключевой ауданы Ново-Украина ауылында дүниеге келген екен. 1938 жылы әскер қатарына шақырылған. Қария соғысқа ерте аттанған жауынгерлер қатарында. Мәскеуді жаудан қорғаған.

Соғыстың соңына дейін болған. 1945 жылы елге оралып, Қандыағаш қаласындағы жол дистанциясында зейнетке шыққанша еңбек еткен. «Ұлы Отан соғысының II дәрежелі» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медаль дармен марапатталған.

«Сіздер – осыдан 74 жыл бұрын бізге Жеңіс сыйлаған ұрпақсыздар. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыста жауды жеңген ерліктеріңіз ешқашан ұмтылмайды. Сізге денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз», – деп тілек білдірді қарияға Темірғали Көштаев.

«Рахмет, балалар, мереке сайын осылай бір марқайып қаламын. Сіздердің мені жылда құттықтап келетіндеріңе де ширек ғасыр болыпты. Денсаулықтарың мықты болсын. Бәріңе де алғысым шексіз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, соғыс болмасын», – дейді қарт майдангер.

Бүгінде Артем Проскурня 3 қызынан 4 немере, 3 шөбере сүйіп отыр. 


Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды