Бағыттамалар қалпына келтіруде

Аймақтар
25.08.2020, 11:06
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

ПЧ-53 – шымкенттік жолшылар жыл басынан бері істен шыққан 4 бұрма бағыттамасын анықтады. Мәселен, осы жылдың ақпан айында Түлкібас-Шымкент учаскесіндегі Ынтымақ станциясында электровоздың тоқтауына 9-8 башмактың арасында тас тұрып қалғаны анықталған.

Екінші оқиға мамыр айында болған. Түлкібас-Арыс учаскесіндегі Састөбе станциясында №2214 пойызын үшінші жолдан жібергеннен кейін басты жолда Р-80 типті Альстом бұрма бағыттамасы жағдайды бақылауға мүмкіндік бермеген. Орын алған кемшілік тез арада жойылып, ретке келтірілді. Салдарынан екі бірдей пойыз 13 минутқа, тағы бір пойыз 7 минутқа кешігіп, жолда тұрып қалды. Болған ақауды анықтай келе башмактың дер кезінде тазаланып, майланбағаны белгілі болды.

Үшінші жағдай 7 маусым күні Түлкібас-Шымкент учаскесінде болған. Шымкент станциясында қолдан бұрылатын №23 бағыттама кіреберістегі минуста тұрған жағдайды бақылауға мүмкіндік бермеген. 3290 шақырымдағы 5 пикетте №3501 пойызы – ВЛ80С-2300 электровозы тоқтатылды. Мұнда себепті анықтай келе, башмакқа құм толып қалғаны белгілі болды.

Төртінші жағдай 29 шілде күні Арыс-Түлкібас учаскесіндегі Қорғасын станциясында «Р-80 Альстом» бағыттамасы оң жағдайды бақылап тұратын хабарды бермеген. Салдарынан кіреберісте №2870 пойызы, ВЛ-80С-1158 тоқтатылды.

Сондай-ақ, осы күні №34 «Ақтөбе-Алматы» жолаушылар пойызы, ВЛ-80С-2566 электровозы да тоқтатылады. 3278 шақырымдағы 7 пикеттегі орын алған ақау жөнделіп, жарты сағаттан кейін пойыз сапарын жалғастырды. Мұнда да пойыздардың тоқтауына башмактардың ақауы себеп болған. Жолшылар тез арада орын алған ақауларды ретке келтіріп, қозғалысты әрі қарай қамтамасыз еткен.

Бұдан бөлек, Шымкент станциясында №3/5 бұрма бағыттама секциясында жалған қызыл түс жанып, белгі берген. Салдарынан станциядағы екінші жолда №2210 пойызының электровозы аялдап, уақыт жоғалтқан. Ал 4-ші жолда 2212 пойызы, 0039 электровозы тоқтаған. Олардың тоқтауына оң жақтағы М-9 екі рельстің қосылған жеріндегі берілген белгі себеп болған. Орын алған кемшілікті жолшылар тез арада реттеп шықты.

Маусым айында да Қорғасын станциясында бұрма бағыттамасыз учаскеде таблоның пульті бос тұрған жоқ деген жалған белгі көрсеткен. Мұнда да кіреберістегі пойыздар тоқтатылды. №2305 пойызы 7 минут аялдаса, №2301 және №1273 пойыздары 1 минут кідірді. Пойыздардың тоқтауына сол жақтағы рельстердің түйіскен жердегі бағдаршамының белгі беруі себеп болған.

Мамандар қозғалысқа қауіп төндірмес үшін тозығы жеткен бағдаршамдарды қалпына келтірді. 

Аймақтар
28.04.2026
Көлік полицейлері вокзалда жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті
Әлемде
28.04.2026
Индонезияда екі пойыз соқтығысып, 14 адам қаза тапты
Инфрақұрылым
28.04.2026
Басты көрсеткіш – сапа
Инфрақұрылым
28.04.2026
ТХКБ: Ортақ мүдделердің тоғысуы
Жаңалықтар
28.04.2026
Вице-министр Ж. Тайжанов Орынборда теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады
Қауіпсіздік
28.04.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Жүк тасымалы
28.04.2026
Транзитті дамытудың маңызды факторлары
Қауіпсіздік
28.04.2026
Жамбылдық теміржолшылардың қауіпсіздік ұстанымы
ҚТЖ келбеті
28.04.2026
Танымал тұлғаның тағлымды жолы
Аймақтар
28.04.2026
Еңбекті қорғау күні: Маңғыстауда теміржолшы Нұрболат Жасановты еске алу турнирі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
28.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №32-33 28 сәуір 2026 жыл
Аймақтар
27.04.2026
«Қазақстанда жасалған» вагондарға сұраныс бар
Аймақтар
27.04.2026
Машинистер білімін арттыруда
Әлемде
27.04.2026
Ресейде теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының саны 51%-ға өсті
Жаңалықтар
27.04.2026
Қонаев станциясында адам саудасына қарсы акция өтті
Жаңалықтар
27.04.2026
«Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылыс барысы тексерілді
Аймақтар
27.04.2026
Абай облысында 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Әлемде
24.04.2026
CRRC Нинбо қаласының маңындағы желілерге арналған жүрдек пойызды таныстырды
Инфрақұрылым
24.04.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесін жаңғырту аяқталды
Трансформация
24.04.2026
ТЖЫҰ: XL мерейтойлық жиын өтті
MyQaz.kz