Транзитті дамытудың маңызды факторлары

Жүк тасымалы
28.04.2026, 09:20
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сенатта Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде парламенттік тыңдау өтті. Бірыңғай көлік-логистика саясатын қалыптастыру жолындағы бірлескен жұмыс барысы және осы бағыттағы тың тәсілдер талқыланған жиынға Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасарлары Марат Шакенов және Ерлан Қойшыбаев қатысып, теміржол саласындағы жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалар жайы сөз болды.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елдің транзиттік әлеуетін толық іске асыру үшін жекелеген жаңғырту шараларымен шектелмей, заманауи сын-қатерге төтеп беретін бірыңғай стратегия әзірлеу қажеттігін атап өтті.  

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Еуразия құрлығында транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтып, толыққанды көлік-логистикалық державаға айналуға тиіс екенін үнемі айтып келеді. Транзиттік мүмкіндіктеріміз жоғары болғанына қарамастан инфрақұрылым, сервис сапасы сынды мәселелер бар екені жасырын емес. Сондықтан қазір жекелеген жобалар жиынтығы емес, бірыңғай ұлттық транзиттік жүйе қажет. Соңғы бес жылда көлік-логистикалық кешенді және транзиттік әлеуетті дамытуға 13,5 трлн теңге қаржы және инвестиция салынды. Алдағы уақытта осы және өзге де шаралар нақты нәтижесін береді деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.  

Сонымен қатар ол Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі Еуразия арқылы өтетін сенімді бағыттарға деген сұранысты арттыра түскеніне назар аударды. Мұндай жағдайда Қазақстан мүмкіндікті жай ғана пайдаланып қоймай, жедел әрекет етіп, өз дәліздерін тұрақтылық пен жылдамдықтың эталонына айналдыруға тиіс екенін жеткізді.  

Көлік министрі Н. Сауранбаев өз сөзінде соңғы бес жылда теміржолда транзиттік тасымал көлемі 65 пайызға артып, Қазақстан арқылы өтетін жүк ағыны көбейіп отырғанын жеткізді.  

– Осы жылы транзиттік тасымалды 55 млн тоннаға жеткізу жоспарда бар. Алдағы 5 жылда ол екі есе артады. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды бағдарлама іске асырылуда. 2025 жылы Достық – Мойынты, Алматы айналма жолы қолданысқа берілді. Қазір Дарбаза – Мақтаарал, Мойынты – Қызылжар, Бақты – Аягөз секілді ірі жобалардың құрылысы жүріп жатыр. Жалпы 2027 жылға дейін 800 км жаңа теміржол желісі салынып, 2658 км жол жаңғыртылады. Сонымен қатар жыл сайын 1500 км жол жөнделеді. Бұл жобалар теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыруға бағытталған, – деді ол.  

Министр транзиттік тасымалды дамытудағы маңызды факторлардың бірі жылжымалы құрамды жаңарту екенін де атап өтті.

– 2021 жылға дейін локомотивтер сатып алу көлемі өте төмен болды. Жыл сайын орта есеппен 15-18 локомотив қана алынды. Тасымал көлемін қамтамасыз ету үшін ескірген локомотивтердің пайдалану мерзімі ұзартылып, есептен шығарылатын техниканың саны көбейді. 2022 жылдан бастап жағдай өзгерді. 2022-2025 жылдары 509 локомотив сатып алынып, қолданыстағы паркті жаңарту қарқыны жоғары деңгейге жеткізілді. 2026-2027 жылдары осы қарқын сақталады. Соның нәтижесінде ағымдағы және жоспардағы жүкті тасымалдауда локомотивтер жеткілікті. Қазіргі уақытта жүк вагондары нарыққа толық берілген. Жалпы саны 147 мыңнан асады. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мерзімі өткен ескі вагондарды пайдалануға тыйым салынады және вагон бөлшектерінің параметрлері өзгертілуде. Сондай-ақ инновациялық жобалар қолданысқа енгізілуде. Олар инфрақұрылымға түсетін жүктемені азайтады. Транзиттік тасымалдың негізгі қозғаушы күші – Қытай. 2027 жылға қарай осы бағыттың өткізу қабілеті 61 пайызға артады. Бүгінде Достық өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Алтынкөл станциясы бойынша осы айда аяқталады. Ал үшінші өткізу пункті Бақты 2027 жылы іске қосылады. Оған қоса Өзбекстан мен Ресей бағытында да өткізу қабілетін ұлғайтатын боламыз. Соңғы 5 жылда порттар арқылы жалпы тасымал көлемі 51 пайыз, ал контейнерлік тасымал 3,5 есе өсті, – деді министр.  

М.Шакенов ТМД елдері арасында теміржол қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін сақтау бойынша Қазақстан Ресейден кейін екінші орында екенін жеткізді. Сондай-ақ қауіпсіздікті нығайту мақсатында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары, локомотив паркін жаңарту жұмысына да тоқталды. Ал Е.Қойшыбаев ҚТЖ-да компанияны трансформациялау, логистиканы дамыту жұмыстары қай сатыда жүргізіліп жатқанын баяндады.

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?