ТХКБ: Ортақ мүдделердің тоғысуы

Инфрақұрылым
28.04.2026, 09:32
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жұма күні Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің жетекшілігімен Орта дәлізге қатысушы елдер мен «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық қауымдастығына мүше елдердің өкілдері қатысқан жиын өтті.

Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, сондай-ақ құрамына Қытай, Грузия және Қазақстан компанияларының қауымдастырылған мүшелері кіретін жиынға барлығы қауымдастыққа мүше 23 компанияның өкілдерімен қатар Украина, Болгария және Румыния сияқты бірқатар еуропалық елдер мен Сингапур секілді шетелдік серіктестер қатысты.  

– Бүгін біздің назарымыз Транскаспий халықаралық көлік бағдарының дамуына аударылып отыр. Бұл – Еуразияның дәл ортасы арқылы Шығыстан Батысқа және кері бағытта жүктердің ең қысқа әрі тиімді жолмен жеткізілуін қамтамасыз ететін стратегиялық артерия. Біздің ортақ мақсатымыз – бұл бағдарды «жіксіз», цифрлық және жүк жөнелтушілер үшін барынша болжамды ету. Біз Қытай, Әзербайжан, Грузия, Түркия және Еуропадағы әріптестеріміздің тығыз диалогқа дайын екендігін жоғары бағалаймыз. Тек бірлескен жағдайда ғана біз Транскаспий халықаралық көлік дәлізін әлемдік деңгейдегі маршрутқа айналдыра аламыз, – деп атап өтті кіріспе сөзінде Талғат Сағиұлы.  

Жалпы жиналыс отырысында «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасының орынбасары Гулиев Нижат Тофиг оглу ТХКБ дамыту жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, ал «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» ХҚ» ЗТБ бас хатшысы болып Нұргүл Жанболатқызы Жақыпова сайланды.  

Күн тәртібінде 2025 жылғы ТХКБ бағыты бойынша тасымалдау көлемі сөз болды. Қауымдастық бас хатшысы алға тартқан дерекке сүйенсек, өткен жылы Ақтау және Құрық порттары арқылы Әзербайжан бағытына тасымал көлемі 3,2 млн тоннаны құраған, оның шамамен 42%-ы Қазақстаннан экспортталатын шикі мұнайға тиесілі екен. Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары бойынша жалпы тасымал көлемі былтыр 1 867 000 тоннаны құраған, оның ішінде 76 900 ДФЭ контейнер бар. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 36%-ға жоғары.  

– 2025 жыл ТХКБ үшін жемісті болды, тасымалдау көлемі 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Жалпы, 2017 жылдан бастап барлық кезеңде ТХКБ бойынша 15 млн тонна жүк тасымалданды, оның ішінде 284 мың ЖФЭ бар. Осы ретте 2025 жылы контейнерлердің жалпы көлемінің 27%-ы тасымалданғанын айтар едік, – деп қорытындылады өткен жыл жұмысын ҚТЖ басшысы.  

Бұдан кейін «ТХКБ» халықаралық қауымдастығы басшысы 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына ойысты. Биылғы жылдың үш айында Ақтау порты арқылы тасымалдау көлемі 859 мың тоннаны, контейнерлік тасымалдау 17 800 ЖФЭ-ні құраған. Оның ішінде теңіз көлігімен контейнерлік тасымалдау 16 427 ЖФЭ екен.  

Жиында 2026 жылға арналған ТХКБ бойынша бекітілген тарифтік ставкалар туралы да сөз болды. Н.Жақыпова Орта дәліздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында арнайы тарифтік шарттар бекітілгенін жеткізді. Негізгі жүк бағыттары бойынша, оның ішінде: көмір, кокс, мұнай өнімдері, астық, металл және химия өнімдері; сондай-ақ 25 бағыт бойынша контейнерлік тасымалдар мен 8 бағыт бойынша паромдық тасымалдарға түзетуші тарифтер белгіленген. Сонымен қатар Батуми порты арқылы контейнерлік тасымалдарға 50% жеңілдік; Ахалкалаки арқылы тасымалдарға 33% жеңілдік көлемінде ынталандыру шаралары сақталған. Бұдан бөлек, контейнерлік кемелер үшін – шамамен 3 500 АҚШ доллары (±3%); паромдар үшін шамамен 3 000 АҚШ доллары (±3%) көлемінде порттық тарифтерді қолдану мерзімі ұзартылған.  

– 2026 жылға 96 мың ЖФЭ-ні қоса алғанда, 2,5 млн тонна көлемінде тасымалдау жоспары келісіліп отыр. Оның ішінде транзит – 700 мың тонна (70 мың ЖФЭ), ал экспорт – 300 мың тонна (8 мың ЖФЭ). Негізгі жүктерге келсек, олар қара және түсті металдар, мұнай өнімдері, астық және өзге де тауарлар. Тасымал өсімі Қытайдан, Кавказдан және Еуропадан келетін контейнерлік ағындар есебінен қамтамасыз етіледі деп күтілуде, – деп атап өтті Нұргүл Жақыпова.

Отырыстың күн тәртібінде тасымалдауды цифрландыру мәселесіне де екпін берілді. ТХКБ-ны дамыту жөніндегі жұмыс тобы мультимодальды жүк тасымалдарын цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жобасын келісіп бекітті. Аталған меморандум тасымалдау процесін ұйымдастыруға арналған цифрлық шешімдерді дамыту мен енгізуді көздеп отыр. Атап айтқанда, олар: электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық құжат айналымын енгізу; кеден органдары мен тасымалдау процесіне қатысушылар арасында деректер алмасуды ұйымдастыру; ТХКБ бойынша логистикалық операциялардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру. Бұл құжат жүктердің өту уақытын қысқартуға және бүкіл маршруттағы операциялардың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Кездесулер қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Қабылданған шешімдер Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік дәліздердің бірі ретінде ТХКБ-ны одан әрі нығайтуға бағытталып отыр.

 

Жаңалықтар
21.06.2026
Жолаушылар пойызының машинисі бес жасар баланы басудың алдын алды
Жаңалықтар
20.06.2026
Алатау қаласында жаңа автокөлік көпірі пайдалануға берілді
Жаңалықтар
20.06.2026
Ақтау порты: Иран ҚР теңіз инфрақұрылымымен танысты
Жаңалықтар
20.06.2026
Қазақстан мен Иран порт инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
19.06.2026
ҚТЖ Huawei-мен серіктестікте магистральдарды цифрлық трансформациялауды күшейтеді
Жаңалықтар
19.06.2026
ҚТЖ және итальяндық DBA Group терминалдарды басқарудың цифрлық жүйесін енгізу бойынша таныстыру кездесуін өткізді
Инфрақұрылым
19.06.2026
Бозшакөл станциясында жолаушылар платформасы жаңартылды
Жолаушылар тасымалы
19.06.2026
Ұлттық тасымалдаушы жоғалған отырғызу талонын қалпына келтіру жолын түсіндірді
Басты жаңалықтар
19.06.2026
Үкімет: сала дамуы сөз болды
Аймақтар
19.06.2026
Ақтөбеде локомотив паркі жаңаруда
Қауіпсіздік
19.06.2026
Дегелең мен Семей станциялары аралығында теміржол мүлкі мен жүк қауіпсіздігі тексерілді
Спорт
19.06.2026
Теміржолшылар арасындағы футбол турнирінде «Батыс» өңірлік филиалы жеңіске жетті
Инфрақұрылым
19.06.2026
Сапалы жол – қауіпсіздік кепілі
Жаңалықтар / Мұрағат
19.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №47 19 маусым 2026 жыл
Спорт
18.06.2026
ҚТЖ-да футзалдан чемпионат өтуде
Жаңалықтар
18.06.2026
ҚТЖ пойыздарды басқарудағы Испанияның цифрлық тәжірибесін зерттеді
Әлемде
18.06.2026
Өзбекстанда тағы екі бағытта жоғары жылдамдықты пойыздар қатынайды
Аймақтар
18.06.2026
Тараздық түлектер теміржол саласындағы бос жұмыс орындарымен танысты
Аймақтар
18.06.2026
Жақсының аты өлмейді
Аймақтар
18.06.2026
Теміржолдағы 40 жылдық еңбек