Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда

Қауіпсіздік
28.04.2026, 09:25
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде жұмысшыларға еңбекте қолайлы жағдай қалыптастыру, жұмыс орындарының эстетикалық және өндірістік тұрғыдан тартымдылығын арттыру бағытында біраз жұмыс атқарылыпты.

Бөлімшенің ғимараттар мен инженерлік жүйелер бөлімінің басшысы Нұржан Мүсірхановтың айтуынша, жалпы еңбек жағдайын жақсарту, қолданыстағы ғимараттардың тозған, бүлінген материалдарын жаңасына ауыстырып, құрылыс жүргізу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып отыр. Өткен жылы 17 ғимарат ағымдық жөндеуден өткізілген, биыл бөлімше бойынша барлығы 32 ғимаратты жөндеу жоспарланып отыр екен.  

Бүгінде біреуінде қажетті жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Қалған ғимараттарға да не керек, қандай жөндеу қажеттігі бойынша тізім жасалған. Осы айдың соңына дейін 19 ғимаратқа жөндеу туралы рұқсат алынып, келісімшарты жасақталады. Биылғы жоспарланған ағымдық жөндеу кезінде нысандардың, оның ішінде өндірістік, әкімшілік, басқа да түрлі ғимараттың әрқайсысы қажеттігіне қарай әртүрлі жөндеуден өтеді. Яғни нысандардың сырты мен ішін әрлеу, есік-терезесін ауыстыру, қабырғаларды сырлау, еденін, жылыту жүйелерін ауыстыру, жуыну бөлмелерін жаңартып, жабдықтау сынды жұмыстар істеледі, – дейді Н.Мүсірханов.

Санитарлық-тұрмыстық жағдайды жақсарту және еңбекті ұйымдастыруды жоғарылату мақсатында қолға алынып отырған жұмыстар бір бұл емес екен. Былтыр жұмысшыларға арналған 4 модульді-блоктық ғимарат орнатылса, осы жылы тағы бесеуін алу жоспарланған.  

Жұмысшылардың жұмыс орны талапқа сай, таза, қолайлы болса, жұмысшыға да жағымды көңіл күй сыйлап, ынта-жігері арта түсетіні белгілі. Ал модульдік-блокты ғимараттармен қамтылу деңгейіне келсек, бөлімше аумағында қазірге дейін мұндай 60 нысан бар. Осы жылы тағы да Сайөтес станциясына екеуін, Ақжігіт станциясына да екеуін, Маңғыстау станциясына біреуін қою жоспарланып отырған көрінеді. Бөлім бастығының айтуынша, модульдік нысандар жұмысшылардың көңілінен шығады, жұмыстың арасында тынығып, дем алып, тамақтанып, бел жазатын сүйікті орнына айналған.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды