ТЖЫҰ: XL мерейтойлық жиын өтті

Трансформация
24.04.2026, 09:24
Сурет primeminister.kz сайтынан алынды
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымының 70 жылдығына орай Ұйымның Бас директорлар конференциясының 40-отырысы өтуде. Аталған жиынға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қатысты.

Әлемнің 30-дан астам елінен 300-ден аса делегат, теміржол саласының басшылары мен теміржол тасымалдарына қатысы бар компаниялар өкілдері келген форум жұмысы халықаралық теміржол тасымалдарын дамыту бойынша келісілген тәсілдерді қалыптастыруға, қатысушы елдердің жетістіктерін талқылауға және ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Жүк тасымалы көлемін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, қағазсыз технологияларға көшу, интеллектуалды басқару жүйелерін енгізу және кадр даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Премьер-министр теміржол саласының экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етудегі рөлін атап өтіп, мұндай форумдар елдер арасындағы әріптестікті нығайтып, сындарлы диалогқа жол ашатынын жеткізді.  

– Қазақстанның теміржол саласы экономикалық дамуда маңызды рөл атқара отырып, халықтың өмір сапасын арттыруға және тұрақты өсімді қамтамасыз етуге бағытталған. Ұйымның 70 жылдығына арналған кездесудің дәл осы жерде – ұлы жолдардың тоғысқан тұсы, Еуразияның жүрегінде өтуі символдық мәнге ие. Заманауи әрі тиімді көлік жүйесі бізге халықаралық жеткізу тізбектеріне кіріге отырып, жаһандық экономикаға интеграциялануға мүмкіндік береді, – деді Олжас Бектенов.  

Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мәселесіне ерекше назар аударған Үкімет басшысы мұхитқа тікелей шығу мүмкіндігі жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет Қазақстан өзінің географиялық ерекшелігін стратегиялық артықшылыққа айналдыру бағытында жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.  

«Біздің ортақ мақсатымыз – Еуразияны біртұтас, үздіксіз жұмыс істейтін көлік жүйесіне айналдыру. Соңғы 15 жылда көлік саласына шамамен 35 миллиард доллар инвестиция салдық. 2500 шақырымнан астам жаңа магистральдық жолдар салынды. Бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыты бойынша құрлықтағы транзиттік тасымалдардың шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді. Біз қол жеткізген нәтижелермен шектеліп қалмаймыз. Алдағы 4 жылда тағы 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз. 2035 жылға қарай транзит көлемін жылына 100 миллион тоннаға дейін жеткізуді көздейміз», – деді Премьер-министр.  

Жиында негізгі бағыттардың бірі ретінде Орта дәліз – Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту белгіленіп, оның аясында теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқаны сөз болды. Атап айтқанда, халықаралық серіктестерді тарта отырып, Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хабтарды кеңейту жұмыстары атқарылуда. 2029 жылға дейін тасымалдау көлемін жылына 80 мың ЖФЭ-ден 300 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.  

– Бүгінде біз Қытайдың шығыс жағалауынан бастап Еуропаға дейінгі тиімді логистикалық жүйені қалыптастырып отырмыз. Бұл жүйе Кавказ елдері арқылы Оңтүстік Еуропаға шығатын Транскаспий халықаралық көлік бағдарын қамтиды. Сонымен қатар «Бір белдеу – бір жол» жаһандық бастамасы аясында біз серіктестерімізбен инфрақұрылымдық жобаларды үйлестіріп, қуатты синергетикалық әсерге қол жеткізудеміз. Үздіксіз логистиканы қамтамасыз ету үшін сыртқы терминалдар желісін жүйелі түрде дамытып келеміз. 2014 жылдан бері Қазақстан мен Қытай арасындағы бірқатар ірі жобалар сәтті жүзеге асырылды, – деді өз сөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов.

Ұлттық компания басшысы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жобалар да қарқынды дамып жатқанын тілге тиек етті. Соның нәтижесінде Азия мен Еуропаны байланыстыратын бәсекеге қабілетті маршрут қалыптасып, жеткізу мерзімі 12-14 тәулікке дейін қысқарған. Сонымен қатар Қазақстан Еуропа мен Кавказдағы теңіз порттарына қатысуын кеңейту бағытында да жұмыстар жүргізуде. Басты мақсат – Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстыратын біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру.  

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейін теміржол инфрақұрылымына шамамен 10 миллиард доллар көлемінде инвестиция салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 1800 шақырымнан астам жаңа теміржол желісі салынуда және шамамен 2000 шақырым жол жаңғыртылуда. Достық – Мойынты учаскесін дамыту сияқты ірі жобалар іске асырылып жатыр. Бұл жобалар өткізу қабілетін арттырып, транзиттік әлеуетті кеңейтуге бағытталған. 2035 жылға қарай негізгі бағыттардағы өткізу қабілетін тәулігіне 100 жұп пойызға дейін жеткізу жоспарлануда. Әлемнің жетекші өндірушілерімен бірлесіп, локомотивтер мен электровоздарды қоса алғанда, жылжымалы құрам өндірісін жерсіндіру жұмыстары жүргізіліп, гибридті тарту сияқты экологиялық таза технологиялар енгізілуде, – деді Талғат Сағиұлы.  

Жиында салаға цифрлық технологияларды енгізу мемлекеттің басым бағыты болып қала беретінін, Қазақстан Президенті 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағаны айтылды. Халықаралық технологиялық компаниялармен әріптестікте Tez Customs платформасы енгізілді. Ол кеден және теміржол жүйелерімен интеграцияланып, құжаттарды өңдеу уақытын бірнеше есе қысқартып, қағазсыз форматқа көшуге мүмкіндік берді.

– Біз теміржол желісінің цифрлық егізін дамытып, жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды диагностика жүйелерін енгізіп жатырмыз. Бұл ақауларды жоғары дәлдікпен анықтап, шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы мониторинг жүйелері жылжымалы құрамның жай-күйін нақты уақыт режимінде бақылап, қозғалыс қауіпсіздігін айтарлықтай арттыруда. Біздің ортақ міндетіміз – болашақтың заманауи, цифрлық және тиімді темір жолын құру. Тек тығыз әріптестік арқылы біз заман талабына жауап беріп, әлеуетімізді толық жүзеге асыра аламыз деп сенемін. Баршаңызға жемісті жұмыс пен табысты шешімдер тілеймін, – деп түйіндеді сөзін Талғат Алдыбергенов.

 

Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында санитариялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жаңалықтар
14.07.2026
ҚТЖ «Балаларды мектепке жинайық» қайырымдылық акциясын өткізуде
Цифрландыру
14.07.2026
ҚТЖ жүк тасымалын талдауға арналған отандық цифрлық платформаны іске қосты
Жаңалықтар
14.07.2026
Елордада көлік және логистика саласында ірі халықаралық форум өтті
Трансформация
14.07.2026
Магистральдық желіні дамыту бағдарламасынан не күтеміз?
Аймақтар
14.07.2026
Атырау вагон құрастыру зауытында жаңа ғылыми-сынақ орталығы іске қосылды
Аймақтар
14.07.2026
Әйтеке би станциясында астық тасымалы артқан
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
І топтағы мүгедектігі бар жандар теміржол билетін онлайн ала алады
ҚТЖ келбеті
14.07.2026
Әлмахановтар әулетінің ақтаңгері
Әлеумет
14.07.2026
Балалар жаз қызығына кенелуде
Жаңалықтар / Мұрағат
14.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №53 14 шілде 2026 жыл
Жүк тасымалы
13.07.2026
Жаңа сұрыптау жолдары Khorgos Gateway терминалының қуатын 48%-ға арттырды
ҚТЖ келбеті
13.07.2026
Сауатты шешім апаттан құтқарды
Аймақтар
13.07.2026
ҚТЖ басшылығы Семей, Аягөз және Ақтоғай вокзалдарын қайта құру жұмыстарындағы артта қалушылықты жоюды тапсырды
Әлемде
13.07.2026
Қытай Қазақстан арқылы Түрікменстанға жаңа теміржол бағытын ашты
Аймақтар / Қауіпсіздік
13.07.2026
Өткелдердің техникалық жай-күйі жіті бақылауда
Әлемде
13.07.2026
«Иран — Қытай» теміржол бағытындағы көпірге АҚШ соққы берді
Инфрақұрылым
13.07.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісін салу мерзімі ерекше бақылауға алынды
Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды