16 мыңға жуық жамбылдық теміржолшылар техникалық сабақтан өтті

Аймақтар
09.07.2021, 13:42
Асхат Райқұл

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы – Жамбыл бөлімшесі қызметкерлерін техникалық оқыту белгіленген кестеге сай жүріп жатыр. Өңірдегі ведомствоның қауіпсіздік бөлімі басшысы Сұлтанмұрат Тоқтанаевтың айтуынша, білімге шек жоқ, техникалық сабақтар айына екі рет ұйымдастырылады. «Сабақты өткізу жоспарлары мен оқытылатын тақырыптар 2019 жылғы бұйрыққа сәйкес бекітіледі, биылғы сәуірдегі бұйрық қосымша ескеріледі. Техникалық сабақтарда қалыптасқан жағдайды назарға ала отырып, «іскерлік ойын» жолымен стандартты емес ахуалдар зерделенеді. Сондай-ақ қызметкерлерді шартты түрде түрлі рөлдерде әрекет еткізіп, оқу бейнефильмдері көрсетіледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қолданыстағы актілері мен басқа да жергілікті құжаттарды зерделеу әдісі де қолданылады», – деп атап өтті ол. Биыл да қызметкерлердің санаттары бойынша техникалық оқу жүргізудің жылдық және тоқсандық жоспарлары талапқа сай жасалған. Жыл басынан бері Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде және оның құрылымдық мекемелерінде 226 техникалық сабақ өтіпті. Оларға 15 962 қызметкер қатысып, білімдерін шыңдаған. Оның ішінде 57 станция мен 3 құрылымдық бөлімшенің мамандары бар. «Сабаққа қатысушылардың қатарында станция жетекшілері мен қызметкерлері, орталықтандыру бекеттерінің операторлары, пойыз құрастырушылар, деполар мен дистанция жұмысшылары, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушылар, вагон қараушылар, машинистер, машинистердің көмекшілері бар. Биылдыққа бөлімшенің өндірістік оқыту нұсқаушысы учаскелерде техникалық сабақтар өткізу үшін қайталай отырып, 40 рет желіге шығып қайтты. Сабақтар жол дистанциясы, сигнализация және байланыс, электрмен жабдықтау дистанциялары, өрт сөндіру пойыздары мен вагон шаруашылығы мамандарының қатысуымен өткізілді», – деген Сұлтанмұрат Аликұлы 40 техникалық сабақпен 57 станция қамтылғанын да мәлімдеді. Барлығы 350 қызметкер тартылған. Филиал қызметкерлерін оқыту теория және практика әдістерімен жүргізіледі. Бұл әдістер өз жемісін берсе де, көптеген жұмысшылар өздігінен дайындықпен айналыспайтындықтан, кейде нәтижесі көріне бермейді екен. «Сол себептен біз қызметкерлерді өзін-өзі дайындауға және жетілдіруге шақырамыз. Осы бағытта ынталандыру шараларын да жасап келеміз. Жеке тақырыптарды, яғни жұмыстағы стандартты емес жағдайларды оқыту бейнефильмдері немесе мультимедия- лық фильмдер арқылы ашамыз. Техникалық сабақтарда стандартты емес жағдайды және қызметкерлердің рөлдер бойынша әрекеттерін нақтылап, «іскерлік ойын» арқылы да зерттеу әдісі қолданылады», – деді бөлім басшысы.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады