ҚТЖ қызметкерлері «Донор күніне» орай 36 литрден астам қан тапсырды

Әлеумет
27.10.2021, 14:34
Қазанның 27 мен 29 күндері «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, «Донор күні» акциясын өткізді. Теміржолшылар қарсы көрсетілімдер мен ұсынымдар тізімімен алдын ала таныса отырып, осы қайырымдылық іс-шараға белсенді қатысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Замир Серіковтің айтуынша, бұл акция Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өтті.
– Бүгін компания қызметкерлері донорлық қозғалысты қолдап, медициналық мекемелердің қажеттіліктеріне қан тапсырды. Акцияға қатысуға ниет білдірушілер қатары өте көп болғандығын ескере отырып, осы аптада іс-шараны екі рет өткіздік, – дейді Замир Серіков.
Акцияның бірінші күнінде 58 теміржолшы қан тапсыруға келіп, соның ішінде 46 адамнан 20,7 литр қан алынды. Норма әр адамға – 400 мл. Бір айта кетерлігі, олардың арасында 5-10 жылдан бері қан тапсыратын тұрақты донорлар көп болып шықты. Олар қан орталықтарында тіркеуде тұрған, донорлық карточкасы бар, қажет кезде жедел көмекке келетін донорлар тізімінде. Донор болудың өзіндік талаптары бар. Қан орталығының дәрігері Елена Викторовнаның айтуынша, олардың қай-қайсысы да денсаулығына ерекше көңіл бөлетін, созылмалы аурулары жоқ, спортпен шұғылданатын азаматтар. Расымен де біз сөзге тартқан, біраз жылдан бері қан өткізіп келе жатқан белсенді донор – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығының бас менеджері Азамат Маңғытаев жұмыстан бос уақытта футбол және баскетбол ойнағанды жақсы көретінін, жүгірумен де айналысатынын айтты.
– Донорлық тек игі іс қана емес, сонымен қатар адамның өз денсаулығына да пайдалы. Біреуге қан беру арқылы ағзада қан жаңаланып тұрады. Оның үстіне сіздің қаныңыз басқа бір адамның өмірін құтқарып қала алады. Мен бүгін қайтадан қан тапсырдым және де өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Қан тапсыруды 5-6 жыл бұрын бастадым. Жыл сайын 2 рет тапсырамын, – дейді ол.
Ұлттық компанияда Көп функционалды қызмет көрсету орталығының кадр бөлімінің маманы Құралай Ысқақованың да донор болып келе жатқанына 8 жыл болған.
– Өзім қатысқан сегіз рет қан тапсыру акциясының ішінде үшеуі – осы біздің «ҚТЖ» компаниясы ұйымдастырған донорлық іс-шара. Қайырымдылық жасау, сауапты іс мақсатында қан тапсырамын. Маған дәрігерлер қанымның сапасы тіпті кішкентай балаларға құюға жарамды екенін айтады, – дейді ол.
Компанияда шаруашылықты басқару департаментінде флорист болып еңбек ететін Наталья Мифтахова да 4 жылдан бері жылына екі реттен қан тапсыруды әдетке айналдырған.
– Менің қан тобым өте сирек кездесетін 4-топқа жатады. Жасым – алпыста, бірақ денсаулығым өте жақсы. Спортпен шұғылданамын, бойымда созылмалы аурулар жоқ. Пандемия басталғалы қан тапсырмағасын, қаным қоюланып кеткендей болып жүр едім. Сондықтан, мұндай акциялар қайта жалғасын тапты, өте қуаныштымын, – дейді донор теміржолшы.
Акцияның екінші күнінде қан тапсыруға 44 теміржолшы келіп, соның ішінде 35 адамнан 15,750 литр қан алынған. Жалпы екі күнде 36,5 литр қан жиналыпты. Медицина қызметкерлері қан тапсыру қайырымдылықтың маңызды және қолжетімді түрі екенін еске салады. Донорлар қанының арқасында дәрігерлер миллиондаған қазақстандықтардың өмірін сақтап қалады. Донор болу үшін қызметкерлерге мұндай акциялардың өткізілуін күтудің қажеті жоқ, Қазақстанның қан қызметіндегі жетекші ұйымға – елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына тікелей жүгінуіне болады.
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды