Маңғыстау қосалқы бөлімшесінің ұжымы Убайдулла Ермаковты зейнет демалысына шығарып салды

Әлеумет
11.11.2021, 10:42
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау станциясының тәжірибелі пойыз құрастырушысы Убайдулла Ермаковты әріптестері зейнет демалысына шығарып салды. Түбек теміржолына бір кісідей еңбегі сіңген теміржолшыны Маңғыстау қосалқы бөлімшесінің басшылығы да арнайы құттықтады. Убайдулла Абдурахманұлы 1995 жылдан бері табан аудармай Маңғыстау станциясында пойыз құрастырушы болып абыройлы еңбек етті. Осы жылдар ішінде қаншама жасты осы бір қиын да күрделі, кейде қауіпті кезде кәсіптің қыр-сырына үйретті. Сондықтан станцияда оны өзіне ұстаз санамайтын теміржолшы жоқтың қасы. Бөлімше бастығы Нәжімеден Ғұбашов бастаған топ Убайдулла Абдурахманұлының шаңырағына арнайы келіп, ардагердің иығына шапан жауып, естелік сыйлық табыс етті. Ұзақ жылғы адал еңбегіне алғыс айтып, ендігі жерде бейнетіңіздің тек зейнетін көріңіз деген ізгі тілектерін білдірді.

– 2008 жылы Маңғыстау станциясына пойыз құрастырушы болып келген күннен бастап ағамыздың қамқорлығын көп көрдім. Алғашқы жылдары көп нәрсені осы кісіден үйренгенім рас. Өз жұмысына жетік, тәжірибелі маман. Жастар келсе, ойланбай қамқорлығына алады, білгенін үйретіп, баулып, бірнеше жылда мынау деген маман етіп шығарады. Бұл кісі – бәріміздің ұстазымыз, – дейді кейіпкеріміздің шәкірттерінің бірі, Маңғыстау станциясы бастығының орынбасары Айбол Есмұханов.

Теміржолшылар отбасынан шыққан Убайдулла аға әке жолын қуыпты. Одан кем болмады. Ортасына сыйлы, артында ізі бар кәсіби теміржолшы атанды. Мадақ-марапаттан да кенде емес. Отбасында да жолы болған жан, жарымен екеуі екі баланы тәрбиелеп өсіріп жеткізген, бақытты әке, мейірімді ата.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті