Жергілікті кәсіподақтың араласуымен «Теміржолшылар» кентінің мәселелері шешіле бастады

Әлеумет
30.11.2021, 12:59
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей қаласында тек теміржолшылар мекен ететін бірнеше шағын аудан бар. Сондай теміржолға жақын орналасқан шеткі аудандардың бірі Теміржолшылар кенті деп аталады. Орталықтан жырақтау жатқандықтан жергілікті атқарушы биліктің назарынан жиі ұмыт қалатыны жасырын емес. Әйтседе, мұндай аудандар Семей бөлімшесі кәсіподақ ұйымының ұдайы назарында тұр. Кәсіп- одақтың бастамасымен бірқатар игілікті істердің алғышарттары да жасалуда. Бөлімшенің кәсіподақ басшылығы қалалық әкімдікке Теміржолшылар кентін дамыту туралы ұсыныспен шықты. Себебі, мұндағы барлық нысандар, әлеуметтік құрылымдар жергілікті биліктің теңгерімінде. Оның үстіне қаланың шеткері аудандарын дамыту туралы арнайы жоба бар. Осы ретте жақында қала әкімін Теміржолшылар кентіне шақырып, тұрғындардың бастамашыл тобымен кездесу өткізген кәсіподақ мүшелері бірқатар мәселелерді алға тартты. Ағымдағы жылы теміржолшылар ауданында орталық жол асфальтталды. Сонымен қатар, жарықтандыруды жаңғырту жобасы аясында бір көшеде түнгі мезгілде жарық беру үшін шамдар орнатылды.

– Біз кенттің негізгі жолының асфальтталуын ұзақ күттік. Жол жасалды, қазір жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрине, бірқатар шаралар атқарылды. Ендігі аралықта бізде балаларға арналған ойын алаңын жасау туралы өтініш бар. Бүгінде кенттегі балалардың саны жүзден асады екен. Әйтседе, спортпен шұғылданатын және демалатын орын жоқ, – деді кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досанов қала әкімімен кездесуде.

Қала әкімі тұрғындармен ақылдасып ойын алаңын салатын учаскені анықтады. Қала әкімі аталған мәселелер Семейді дамытудың Кешенді жоспары аясында шешілетінін жеткізіп, алдағы жылы балалар және спорт алаңы ғана емес, воркаут-алаңы да салынатынын айтып өтті. Ол үшін биыл жобалық-сметалық құжаттама дайындалатын болады. Жиын барысында сондай-ақ, аталмыш кентте су құбырын салу және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Әкім келесі жылы кент көшелерін сумен жабдықтау жобасын әзірлеуге қаражат бөлінеді. Ал, аталмыш жобаны іске асыру 2023 жылдың бірінші тоқсанында басталады деп мәлімет берді. Алик Досанов алдағы уақытта кентте жүргізілетін жұмыстардың барлығы теміржолшылар кәсіподағының да назарында болатынын жеткізді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті