Сыр елінде еңбек және тыл ардагері Тұрсынбай Садықовқа ескерткіш тақта орнатылды

Әлеумет
30.11.2021, 13:02
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Өткеніне есеп беріп болашағын бағамдай білетін сыр жұртшылығы еңбек және тыл ардагері Тұрсынбай Садықовтың атын ұлықтап, майталман теміржолшы еңбек еткен бұрынғы Абыла бекетінің ғимаратына ескерткіш тақта орнатты. Облыс орталығынан жырақтағы бекетте саналы ғұмырын саланың дамуына арнап ерен еңбектің үлгісін көрсеткен Тұрсынбай ақсақал жайлы жиналғандар естеліктерін айтып, бұл шараның бекет тұрғындары үшін үлгі тұтарлық іс екенін атап өтті. 1912 жылы Қармақшы ауданынында дүниеге келген Тұрсынбай ақсақал теміржол саласында 1932 жылдан жұмыс істеген. Қара жұмыстан бастап бағыттамалық бұрма жұмысын меңгерген маман болады. Оның қабілеттілігін аңғарған басшылық Самарқанд қаласына теміржол техникумына оқуға жібереді. Арнайы мамандық алып келген соң Абыла бекетіне станция бастығы болып тағайындалады. Соғыс кезінде де броньмен теміржолда қалып, әскери жағдайға енгізілген салада жанқиярлықпен еңбек еткен аға ұрпақтың бірі. Еңбек жолында үлгілі теміржолшы атанып құрметке бөленді: «Ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Әкеміз өте еңбекқор, адал, шыншыл, өз ісіне шын берілген кісі еді. Өзі темірдей әскери тәртіппен өмір сүргендіктен біздерді – балаларын да осы тәртіпке бейімдеді, үйретті. Әлі есімде қақаған қыстың тас қараңғы түнінде жабық тұратын май шамды алып, пойыздарды күтіп алып, шығарып салып тұратын еді, – деп көзіне жас алды ақсақалдың қызы Райхан Тұрсынбайқызы. Ол кездегі теміржолдағы жұмыстың бәрі жалаң қолмен атқарылып, бекет басшылығына өте сенімді адам тағайындалатынын ескерсек, өмір бойы бекетке басшылық еткен Тұрсынбай ақсақалдың өз ісін өте жетік меңгерген маман, шебер ұйымдастырушы болғаны айтпаса да түсінікті.

– Ол кезеңдер теміржолдың өте ауыр да жауапты дәуірі болды. Қазір технология дамыған болса, ол кезде барлығы адамның қолымен, маңдай терімен атқарылды. Соғыс жылдарындағы жанқияр еңбек тіпті орасан болды. Соның бәріне төтеп беріп, бір бекеттің жұмысын жалғыз өзі атқарып тәулік бойы еңбек еткен Тұрсынбай ақсақал сынды аға буын ағаларымыздың ерлігін естен шығармай, тағзым ету бізге парыз,– деді тақтаның ашылу салтанатында сөз алған теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сисенбі Шермаханов.

Тұрсынбай ақсақалдың өнегелі жолын жалғастырып келе жатқан теміржолшылар әулетте баршылық екен.

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі