Маңғыстаулық пойыз жолсерігі Гүлжахан Жармағамбетованың мейірімі өзгеге үлгі

Әлеумет
27.04.2022, 08:22
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жақының жатқа айналып бара жатқан мына заманда жатты жанына жақын тартып, жүрек жылуын беретіндерді көрсең жерден жеті қоян тапқандай боласың. Маңғыстаулық жолаушылар пойызының жолсерігі Гүлжахан Жармағамбетова – осындай жан. Мүмкін ол жолсеріктің қызметтік міндеті дерсіз, бірақ бәрібір жан жылуына бөлеген мейірімділігі еріксіз тәнті етеді...

Мерекелік демалыста аяқастынан ұшақпен жолға шығуға тура келді. Қайтуға әзер дегенде пойызға бір билет таптық. Купенің жоғарғы орны. Десе де, пойызға бас сұққанымызға риза едік. Әрине, салт басың қайда да сыяды, бірақ екі жасар баламен жоғарғы қабатқа шығып жата алмасың анық. Төменде той дан қайткан қос әжей. Жастары біраз жерге жеткен кейуаналар қастарына балалы әйел жайғасқанын тіпті ұната қоймады. Жағдайымызды көрген жолсерік жолшыбай түсіп қалатын жолаушының төменгі орнын сұрап, жайғастырды. Біраз уақыт жолды солай қысқарттық. Бірақ түн жарымда кезекті станциядан уақытша орнымыздың жаңа қожайыны келді... Қайта көшу керек... Осылай вагондағы көшпендіге айналдық. Бір біз емес, жоғарғы орында келе жатқан тағы бір әйел, қолында отадан шыққан 11 айлық бөбегі бар.

Жолсерік Гүлжахан апай сол келіншек екеуіміздің жағдайымызға алаңдап, анда көшіріп, мында көшіріп, бәйек болумен болды. Төменнен орын табылмағасын әлгі балалы келіншекті өз қызметтік купесіне жайғастырды.

Жолаушылар тасымалында тоқсанын- шы жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кейіпкеріміз кезінде «Маңғыстау-Мәскеу» пойызының алғашқы жолсеріктерінің бірі болған екен. Қазір отағасы екеуі де Маңғыстау-Семей бағытында жолсерік. Алты күн жолда жүрсе, алты күн үйде демалады. Апталап үй бетін көрмей, сонша жыл еңбек етсе де айтарлықтай марапаттары да жоқ екен. Бірақ оған қамығатын Гүлжахан емес көрінді, халықтың алғысы мен батасы – ол үшін ең үлкен марапат.

– Осыдан көп жылдар бұрын пойызға Маңғыстаудың Опорная станциясынан аяғы ауыр келіншек отырды. Әлі есімде, жанындағы медбикемен тоғызыншы купеге жайғасты. Жолшыбай толғағы күшейіп, Бейнеуге жетпей босандырып алғанбыз. Аман-есен нәрестесін бауырына алған келіншек «қызыма сіздің атыңызды қоям» деген болатын. Сол қыз осыдан үш жыл бұрын хабарласты. «Таптым-ау ақыры, мен сол Гүлжаханмын ғой» дегенде қуаныштан көзіме жас келді...

Ал мына келіншек болса, пойызға Нұр-Сұлтан қаласынан мінді. Қызы Аиданың жүрек клапыны жыртылып кетіп, соған елордада операция жасапты. Баланың беті бері қарағасын ауруханадан шығатынын хабарлайды. Ол жақта барар жері жоқ байғұс ана билет тапқанына қуанып, үйге қайтуға асығады.

Осындай талай тағдыр кездеседі, мұндайда бір-бірімізге көмектесе алмасақ, несіне адам болып жүрміз? Еріксіз араласып, төменгі орын тауып бергім келеді. Әйтсе де, сатып алған орнын кім береді, оған құқымыз да жоқ, ал кейде түсініп, айтқызбай-ақ төменгі орынды балалы әйелдер мен үлкен кісілерге босатып беретіндер болады. Ондайда іштей риза болып, өз балам орын бергендей марқайып қалам, – дейді анасы жаялық алуға сыртқа шығып кеткен Аиданы көтеріп жүрген жолсерік. Кім біледі, күндердің күні кішкентай Аида да ержетіп, анасы екеуіне қиын-қыстау күндері қамқор болған Гүлжахан апаны іздеп келуі мүмкін ғой?!

– Қызымның ауруымен күресіп, мең-зең күйде жүргенде Алла алдымнан бірнеше жақсы адамды жолықтырды. Отадан кейін қызымды қалай болса солай көтеруге де болмайды. Ол да пойызда жүріп-тұруға қиындық туғызады. Осындайда жүрегі мейірімге толы Гүлжахан ападай адамдар бұл өмірде бар екенін дәтке қуат етемін. Шақырған таксиім келмей, пойызға кешігетін болдым деп ауруханада жылап тұрған жерімнен танымайтын бір бейтаныс қыз көлігімен алып келіп вагонға мінгізіп кетті. Енді, міне, Гүлжахан апай өз купесін босатып беріп, ассуыма дейін дайындап, жағдайымды жасап келеді. Олардың жақсылығын екі дүниеде ұмытпаспын, – деп көзіне жас алды зулап келе жатқан Маңғыстау-Семей пойызының кішкентай жолаушысы Аиданың анасы Ұлболсын Төребаева.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті