«Саламатты Қазақстан» пойызы Атырау атырабында

Әлеумет
15.09.2023, 09:00
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Саламатты Қазақстан» медициналық емдеу-диагностикалық пойызы Атырауға ат басын тіреді. Аққыстау станциясының басында Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов денсаулық пойызының мақсатын жергілікті жұртшылыққа түсіндіріп, пойыз жұмысына сәттілік тіледі.

«Саламатты Қазақстан» пойызының бас дәрігері Айнұр Егінбаеваның айтуынша, пойыз өңірдегі алғашқы жұмыс күнін Ганюшкино станциясынан бастапты. Мұнда екі күннің ішінде мыңнан астам адам қаралып үлгерген. «Саламатты Қазақстан» пойызының мақсаты да осы еді, яғни шалғайдағы елді мекендер тұрғындарына арнайы мамандандырылған дәрігерлік қызмет көрсету. 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты тоқтап қалған пойыз былтыр жұмысын қайта жандандырған болатын. Медициналық пойыз дәрігерлері шалғай станциядағы теміржолшылар ғана емес, жергілікті тұрғындарды да қолжетімді медициналық қызметпен қамтиды.  

– Жылжымалы құрамда сегіз вагонның төртеуі медициналық вагондар, яғни онда әр түрлі медициналық құралдар мен дәрігер-мамандар бөлмесі бар, мамандар демалатын екі купе вагоны, вагон-мейрамхана және техникалық вагон бар. 11 жолсерік, 2 күзетші, дизельші, сушы мамандар да бар. Купе-вагондарда кондиционер бар, сондай-ақ пойызда душ, кір жуатын машина, тоңазытқыш қойылып, дәрігерлердің жұмыс жасауы және демалуына барлық қолайлы жағдай жасалған, – дейді пойыз бастығы Дінмұрат Валиев.  

Жергілікті тұрғындар терапевт, кардиолог, хирург, лор, гинеколог, окулист, т.б. дәрігерлерге қаралып, зертхана мамандарынан кеңес алады. Сондай-ақ пойызда УЗИ-диагностика, рентгендиагностика және клинико-диагностикалық лаборатория жұмыс істейді. Мамандардың кабинеттері қазіргі заманғы медициналық жабдықтар және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Дәрігер-мамандар кіші амбулаториялық операциялар да жүргізеді. Биыл Әйелдер және отбасы ұлттық комиссиясы бастамасымен жоба құрамына қосылған психолог, медиатор және заңгер мамандары өңірде болған осы күнге дейін 560 адамға кеңес беріп үлгерген.  

– Медициналық бригадалар құрамында терапевт, педиатр, гинеколог, хирург, ЛОР, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, уролог, онколог-маммолог сияқты мамандар жұмыс істейді. Таңғы 9-дан бастап кешкі 6-ға дейін тұрғындарды қабылдау жүргізіле бастады. Барлығы 18 дәрігер бар. Медициналық пойыз кабинеттер ретінде жабдықталған және диагностикалық тексеруге және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті заманауи медициналық жабдықтармен: ЭКГ, УДЗ аппараты, эндоскопиялық жабдық, гематологиялық және биохимиялық анализатор, Мерлин ультрадыбыстық сканері, флюорограф, гастрофиброскоп және басқалармен жарақталған 4 вагоннан тұрады. Аққыстау станциясында түске дейін 300-дей адам келіп қаралды, – дейді бас дәрігер Айнұр Егінбаева.  

Дәрігерлердің айтуынша, негізінен жергілікті тұрғындар қан қысымының жоғарылауы, буын аурулары, сондай-ақ ішек құрылысы, тіс ауруы, көз көру нашарлығы, жүрек ауруларына шағым көп түсіреді екен. Ақ халатты абзал жандар диагностика жасаумен шектелмей, әрі қарай қандай дәрі-дәрмек керегін жазып беріп, қандай ем-дом алуына болатынын да түсіндіруде.  

Аққыстау – аудан орталығы, мұнда сегіз мыңдай тұрғын бар. Ауыл тұрғындарының ішінде тегін медициналық тексеруден өтуге келгендер көп, олардың арасында теміржолшылар да бар. Солардың бірі – станцияның жүк кассирі Әсел Кереева.

– Жыл сайын медициналық пойыз келгенде тексерістен өтіп алуға, білікті мамандарға қаралып, денсаулығымызды түзеп алуға тырысамыз. Мамандардың барлығы бір пойыздың ішінде халыққа қызмет көрсетіп, тұрғындардың денсаулығын барынша тексерістен өткізіп жатыр. Пойыздың нақ осы станцияға келгені – қуанышты жағдай. Дәрігерге қаралуға қол тимей жатады. Ал бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысамыз. Дәрігерлердің ауылға келгені жақсы болды, көбі қазір жұмыста, кешке қарай ағыла бастайды, – дейді ол.  

Пойыздың станция басында ыңғайлы жерге қойылып, жан-жақты ем жүргізуіне, қажетті дүниелермен, ауыз су, электр желісі, т.б. қамтамасыз етілуіне жергілікті темір жол басшылығы жағдай жасаған. Атырауға 2 қыркүйекте келген медициналық пойыз аймақта айдың ортасына дейін болады. Аққыстаудан кейін 12-13-і Жамансор, 13- 15-і Мұқыр, 15-17-і Сағыз станциясында тұрғындарды қабылдайды.  

 

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды