Челлендж: Бақытты әйел – бақытты ел

Әлеумет
03.03.2025, 09:56
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистарльдық желі бөлімшесінде кәсіподақтың ұйытқы болуымен «Бақытты әйел – бақытты ел» челленджі  жүріп жатыр. Қоғамдағы әйелдер ролін арттыру, олардың саладағы еңбегін паш етуге бағытталған бастама теміржолшылар арасында қызу қолдау тауып отыр.

Биылғы жұмысшы мамандығы жылына орай ұйымдастырылып отырған шара Халықаралық әйелдер мерекесіне орай нәтижеленіп, қатысушылар бөлімше мен кәсіподақ ұйымының марапатын алатын болады.  

Челлендж аясында әр станцияда арнайы бейнемазмұндар түсіріліп, теміржолшы әйелдердің кәсіби жұмысына бөлек отбасылық өмірі көрініс табуы тиіс. Бастама Жаңақорған теміржол вокзалының анықтама беру бойынша кезекші дикторы Нұргүл Абдуллаеваның бейнебаянынан басталды, келесі кезекті Қызылорда станциясының арулары жалғастырып әкетті.    

– «Бақытты әйел – бақытты ел» челленджі Қызылорда теміржолында жұмыс істейтін әйелдердің кәсіптік жетістіктерін көрсетіп, олардың ел үшін жасаған еңбегін дәріптеп, сонымен бірге әйел-ана-жар ретінде қоғамдағы ролін паш етеді. Көпшілік бұл бастамаға ерекше ынтамен атсалысып, нәзік жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Челлендж аясында бөлімше қызметкерлері әйелдерге гүл шоқтарын ұсынып, жылы лебіздері мен алғыстарын арнауда. Теміржол саласында еңбек етіп, отбасын құрып, бала-шаға өсіріп отырған әйел азаматтарымыз қандай құрметке болсын лайық. Олардың өмірін насихаттау арқылы жастардың бойына кәсібилікпен қатар отбасылық құндылықтарын сіңіруге ықпал етеміз деп ойлаймыз, – дейді бастаманы үйлестіруші кәсіподақ жетекшісі Салтанат Махмутова.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады