Қуантсаң, қуант баланы...

Әлеумет
02.06.2025, 11:38
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырауда биыл балалар үшін ұйымдастырылған ойын-сауық шаралары 3 күнді қамтып, оған бірнеше мың бала тартылды.    

«Қазкөліккәсіп» Атырау өкілдігінің төрағасы Боранбай Қамиевтің айтуынша, Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты қала маңына жақын Атырау, Ақжайық, Махамбет, Теңдік станциялары, локомотив, вагон деполары, басқару аппараты қызметкерлерінің балаларына жыл соңына дейін қаладағы WOW PARK ойын-сауық орнына сертификат берілді. Соған сәйкес ата-анасы балаларымен қашан, қай уақытта қайда баратынын өздері шешеді. Онда әртүрлі ойын-сауық бағдарламалары, викториналар, конкурстар, спорттық ойындар, т.б. бар. Мұндай сертификат Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 4050 балаға берілді. Сертификат арқылы балалар жыл аяғына дейін ойын-сауық орталығына баруға құқылы. Ойын баласына бұдан артық не керек! Шалғай станцияларда да осындай ойын-сауық шаралары өткізіліп, балаларға әдемі көңіл-күй сыйлады.  

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ төрағасы Марат Бисенғалиевтің айтуынша, мұнда да барлық мекеме қызметкерлерінің мыңға жуық балалары түрлі көңіл көтеру шараларына қатысқан. Оларға кәсіподақ атынан ойыншықтар сыйға тартылып, ойын-сауық шаралары  ұйымдастырылған.    

Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%