Қызылордада ерекше мерекелік шара өтті

Әлеумет
02.06.2025, 12:26
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

1 маусым – Балаларды қорғау күні болашақтың тұтқасы саналатын ұрпақтың мерекесі. Осы атаулы күн қарсаңында қызылордалық теміржолшылар балдырғандарға ерекше көңіл бөлді. Аймақтағы салалық мекемелердің кәсіподақ ұйымдары тарапынан ұйымдастырылған тағылымды шаралар балдырғандарға көтеріңкі көңіл күй, ата-аналарға қуаныш сыйлады. Балалар күніне арналған іс-шаралар барлық мекемелерде кең көлемде ұйымдастырылғанымен, бұл жолы біз тек магистральды желі бөлімшесіне қарасты мекемелер мен бөлімшенің қызметкерлері тарапынан өткізілген бірқатар игі бастамаларды атап өтуді жөн көріп отырмыз.

Жалпы балалар күні қарсаңында аймақта «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы белсенділері мен Ербол Сәулебеков басқаратын Қызылорда магистральды желі бөлімшесі кәсіподақ комитетінің бастамасымен бірнеше шығармашылық байқау өткізілді. Бұл игі шараның басты мақсаты – теміржолшы отбасында тәрбиеленіп жатқан жас буынның өнерге, білімге, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Мереке Абай әлеміне сапардан басталды. 5-6 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына арналған мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Балалар ұлы ақынның жүрекке жылы жырларын нақышына келтіре оқып, бейнеролик түрінде жолдады. Қазақ және орыс тілінде білім алатын оқушылардың еркін қатысуына мүмкіндік берілген бұл байқау – қазақ әдебиетін насихаттаудың, Абай мұрасын бала санасына сіңірудің жарқын үлгісі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда «Жаппай кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек» деген сөзіне үн қосқан бұл байқау-рухани байлық пен көркем ойдың маңызын ұғындыруға бағытталған. Келесі сатыда аймақ балалары қалам мен парақтағы көркемдікті бедерледі. Мұнда 1-4 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Әдемі жазамын» атты каллиграфия байқауында балалар Абайдың табиғат туралы өлең жолдарын дәптерге көркем көшіріп жазды. Бұл – баланың жазу сауатын, эстетикалық талғамын, тиянақтылық пен ұқыптылыққа бейімделуін бағамдауға мүмкіндік берді.

Қолы түзудің-ойы түзу болатынына мән берген теміржолшылар баланы жасынан таза, көркем жазуға дағдыландыруды, баланың ертеңгі күні сөзге де, іске де жауапкершілікпен қарауға талпындыратын осы бір қағиданы еске салғандай болды.

Қиял мен бояудың үндестігі сипаттауға ұмтылған өрендер арасынан, 2-6 жас аралығындағы балалар арасында өткен, «Су асты әлемі» атты сурет байқауы балғын қиялдың бояумен өрілген көрінісіндей. Түрлі техникада орындалған суреттерден бала қиялының шексіздігі, табиғат пен су асты тіршілігіне деген қызығушылығы байқалды. Саусақ моторикасын, түсті сезіну қабілетін дамытатын мұндай байқаулар баланың алғашқы шығармашылық қадамына жол ашады.

«Бұл байқаулар балаға бір сәттік қуаныш қана емес, болашаққа бағыт, балаға жүрек жылуы. Әдебиетке, өнерге жақын өскен баланың танымы терең, болмысы биік болмақ. Сондықтан мұндай шаралар біз үшін жауапты миссия», - дейді кәсіподақ филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов.

Ұлы Абайдың мерейтойын  балалар мерекесімен ұштастырған аймақ теміржолшылары байқау қорытындысында үздік шыққан қатысушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Барлық бала сый-сияпатсыз қалған жоқ.

Ұрпағын ел ертеңі санаған теміржолшы қауымы бала күлкісіне себепкер болған осындай игі бастамалар теміржолшылардың тек өндірісте ғана емес, отбасылық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесінде де жауапкершілік таныта білетінін көрсетті. Шын мәнінде, бұлеңбек адамдарының жүрек жылуы мен шынайы жанашырлығының көрінісі.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда