25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Төрағалар бас қосты

Әлеумет
18.08.2016, 12:53
Ағымдағы айдың 9-14 аралығында Бурабай курорты баурайындағы Сәкен Сейфуллин шипажайында «ҚТЖ» ҰК» АҚ  Ардагерлер кеңесінің жиыны өтіп, оның басты қонағы – Қазақстан Республикасы Ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Өмірзақ Озғанбаев  болды. Теміржолшы-ардагерлер кеңесінің алғашқы күні күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Дүйсемалиев 2015 жылдың тамызынан биылғы жылдың есепті мерзімі аралығында аталған Кеңес тарапынан атқарылған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.  Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша 44 мыңға жуық зейнеткер болса, соның ішінде 222 соғыс ардагері, 5 мыңнан астамы тыл ардагері, 1160 Құрметті теміржолшы бар екен. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Дүйсемалиев зейнеткер теміржолшыларға Ұжымдық шартқа сәйкес қарастырылып отырған әлеуметтік пакет және көрсетіліп жатқан материалдық көмектерге тоқталды.  Ал кеңеске арнайы келген мейман Өмірзақ Озғанбайұлы, республикалық ардагерлер кеңесінің аймақтарда атқарып жатқан жұмыстарынан хабардар етсе, кеңеске қатысушыларды ұлттық компанияда трансформациялау бағдарламасы шеңберінде болып жатқан өзгерістермен, салалық кәсіподақ қызметімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаев  таныстырды. Ол трансформациялау бағдарламасы шеңберінде құрылымдық өзгерістер болып жатқанымен, еңбеккерлердің жұмыстан босатылуы белең алмағанын атап өтті. Бұдан кейін, аймақтық теміржолшы ардагерлер кеңесінің жұмысына Семей филиалы аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қырықбай Әлсейітов, Алматы филиалы атынан кеңес төрағасы Бейсен Шормақов тоқталды. Екінші күні өткен кеңес жұмысында оралдық филиал төрағасы Ақназар Кәрібаевқа, қостанайлық аймақтық ардагерлер кеңесі төрағасы Виктор Бурцевке, жамбылдық кеңес төрағасы Сағымбев Ақшаловқа сөз беріліп, олар да кеңес тарапынан жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптар алды. Мұндай басқосудың маңызы зор екенін, осындай диалог алаңы іспеттес есеп беру, кеңес құру жиналысында келешекте іске асыру қажет деп табылатын шаралар түзіліп, шешімдер қабылданатынын бір ауыздан атап өтті жиынға қатысушылар. «Қариялы ел – қазыналы ел» деп үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді қанына сіңірген қазақ халқының дәстүрімен Сәкен Сейфуллин атындағы санаторий басшылығы кешке Ардагерлер кеңесінің мәжілісіне қатысушыларға арнап қонақасы берді. Сонымен қатар, ардагерлер бос уақыттарында ем-дом процедураларынан өтіп, Бурабай баурайын тамашалауға да үлгерді, Көлік қызметкерлері күніне арналған спорттық шараларға да қатысып,   шахмат, шашка, бильярд ойнап, суда жүзуден  бақ сынасты.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде