ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған әлеуметтік ролик шығарды

Әлеумет
04.05.2019, 18:39
Оқуға 3 мин

Биыл Ұлы Жеңіске 74 жыл толады. Келе жатқан мереке қарсаңында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған әлеуметтік ролик шығарды.

Жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 1500-ге жуық соғысқа қатысушы тұрады.

Олардың бірі - соғыстың басынан аяғына дейін болып, Берлиндегі жеңістің куәгері болған Сиқымбай Мамыров. Соғыс басталғанда, ол небәрі 20 жаста болды. Жас әрі дені сау жігіт майданға дереу шақырылды. Солдат Мамыров арнайы дайындықтан кейін пулеметшілер отрядына қызмет етуге жіберілді. Ол қолындағы пулеметімен Ресей, Беларусь, Украина, Шығыс Еуропа қалаларын азат ету жолында күресті.

«Қорқыныш болмады. Біз өзімізді аямай соғыстық, соғысты көрдік... Енді ешқашан соғыс болмасын», - деп еске алады Сиқымбай ата.

КСРО-ның фашисттік Германияны жеңуде қиын жылдары тылда жұмыс істеген қарапайым азаматтар да үлкен рөл атқарды. Олардың қатарында негізінен әйелдер мен балалар болды. Олар нан өсіріп, киім-кешек тігіп, қару жасап, соғыстың аяқталар күнін жақындатты.

«Бізді еңбекке ерте үйретті. Соғысты көрмеген балалар біздің әңгімелерімізді түсінбейді. Тылдағы барлық негізгі жұмысты әйелдер, жас қыздар мен егде жастағы ерлер орындады. Мысалы, менің анам станок зауытында жұмыс істеді, олар қару жасау жұмыстарын атқарды. Ленинградтан келген әйелмен бірге олар жұмысқа кетіп, бір тәулік еңбек етіп, үйге келіп, шаршап құлайтын сәттері де болатын», - дейді тыл еңбеккері Роза Асылбекова.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау «Samruk-Kazyna Trust» Қорымен жүзеге асырылатын «Жеңіс» жобасының басты мақсаты болды. Жоба аясында Қазақстанның 35 қаласы мен аудандарында еріктілер жыл бойы ардагерлерге көмек көрсетеді: азық- түлік пен дәрі-дәрмек сатып алады, шаруашылық бойынша көмек көрсетеді, олармен араласады - өйткені кейде қарт адамдарға қарапайым көңіл бөлу өте маңызды.

Бүгінде жоба Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Тараз, Талдықорған, Түркістан, Орал, Өскемен, Жаңаөзен, Семей, Текелі, Теміртау, Екібастұз, Жезқазған, Атбасар, Сәтпаев, Степногорск, Ақсу, Риддер, Арал, Қапшағай, Қарқаралы, Абай, Железинка, Қазығұрт, Рудный секілді қалалар мен елді мекендерде іске асырылуда. 

«Жеңіс» жобасы жүзеге асырылған жылдар ішінде үлкен жұмыс атқарылды. Ардагерлерге көмек көрсету жүйелендірдік, олардың мұқтаждықтарының қандай екенін түсіндік, еріктілердің жұмысын құрып, ретке келтірдік және т.б. Бұндай бағыттағы жұмыс тоқтатылмайды, ол әрі қарай да жалғасатын болады.

Сонымен қатар, ардагерлерге Қазақстан мен ТМД елдері бойынша пойыздарда тегін жол жүру акциясы жалғасуда. Темір жол вокзалдарының кассаларында билетті ресімдеу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және ҰОС ардагері мен тыл еңбеккері куәлігінің түпнұсқасын ұсыну қажет. Акция ұйымдастырушылары «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен серіктестікте «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болып табылады.

Ұйымдастырушылар барлық ниет білдірушілерді «Жеңіс» жобасына қатысуға және ерікті болуға шақырады. Ол үшін 8 747 822 51 23, 8 775 182 26 72 нөмірлері бойынша координаторларға хабарласуға болады.


Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды