Қарттар қадірленген күн

Әлеумет
06.10.2025, 12:33
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазан айының алғашқы күнінде аталып өтетін Халықаралық қарттар күні – ел болып егде тартқан жандарға ерекше құрмет көрсететін айтулы мейрам. Бұл тек ресми күн емес, адамдық борыштың, азаматтық парасаттың нышаны. Қартын қазынасына балаған қызылордалық теміржолшылар ардагерлерін еш уақыт назардан тыс қалдырған емес. Халықаралық қарттар күні мерекесінде сала зейнеткерлерін ерекше ілтипатпен төрге шығарды. Басы қосылған ардагерлер өткен-кеткен айтулы оқиғаларды еске түсіріп, тағылымды естеліктер айтылды, мешіттерде ас беріліп салаға еңбегі сіңген теміржолшы-ардагерлердің есімдері аталып, Құран бағышталды.

Қызылорда өңірінің теміржол саласы еңбеккерлері биыл да дәстүрден жаңылған жоқ. Өңірдің барша салалық бөлімшелерінде ардагерлерге арналған тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылып, құрметтің үлкені көрсетілді. Ардагерлермен жүздесу, естеліктермен бөлісу, сый-құрмет көрсету барлығы да шын ниетпен атқарылған шаралар еді.

Сексеуілден Түркістанға дейінгі аралықта саланың барлық маңызды нысандарында мерекелік шаралар өтті. Бұл істе Батырхан Базарбаев пен Ербол Сәулебеков басқаратын бөлімшелер бастамашы болды. Ұйымдастырылған жиындарда әрбір ардагерге шынайы алғыс айтылып, қазыналы қарттар төрге шығарылып құрметке бөленіп, ұрпақтар сабақтастығының маңызы тағы бір мәрте ұғындырылды.

«Қарттарымыз теміржолдың тірі шежіресі. Олар бұл жолдың әр рельсіне, әр шпалына маңдай терін сіңірген, өмірін арнаған азаматтар. Біз сол ұлы еңбектің мұрагеріміз», -дейді кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова.

Мереке күндері қуаныш үстіне қуаныш қосылды. Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының бірнеше теміржолшысы "ҚТЖ-Достық-25" төсбелгісімен марапатталды. Теміржол салу, құрылғыларды жетілдіру, нысандарды жаңғыртып-жаңарту құрылысы секілді аса маңызды бірнеше инфрақұрылымдық жобалар компания үшін тұрақты жүргізіліп келеді, осындай ауқымды жобалардың біріне атсалысып, өз үлестерін қосып келген тоғыз әріптесіміз компания басшылығының марапатына ұсынылып, абыройымызды асқақтатып отыр. Бұл марапат дистанциялықтар үшін үлкен мақтаныш. Бұл адал еңбектің ақталғаны, үлгілі қызметтің еленгені.

Марапаттау рәсімінің қарттар күнімен сәйкес келуі ұрпақ сабақтасытығының айшықты нышаны.

Теміржол – бұл жүректен шыққан еңбек. Құрылымдарды жаңғырту, жаңа нысандар салу, заманауи технологиялармен жабдықтау бәрі де бір сәтке тоқтамайтын жауапты жұмыстар. Осындай ауқымды жобаларда белсенділік танытып, компания абыройын асқақтатып жүрген қызметкерлер үшін бұл марапат зор мәртебе.

Әрбір ұйымда өткізілген шараның артында теміржол кәсіподақ ұйымдарының ұйытқы болған еңбегі жатыр. Ардагерлерге сый-сияпат табысталып, жылы лебіздер жолданды. Бұл ұлттың ұлағатын ұрпақ санасына сіңірудің тамаша үлгісі.

Теміржол тек қатынас құралы емес, адалдық пен табандылықтың символы саналатындықтан бүгінгі жас маман кешегі ардагердің ізімен жүріп келеді. Сол ізді бағалау-болашаққа деген аманатқа адалдық. Қартқа құрмет көрсеткен ел қашан да биіктен көрінеді. Осындай ізгі дәстүр ұлттың болмысы мен теміржол рухының мызғымас негізі болмақ.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды