25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Ұлы Отан соғысының ардагері Жүнісбек Каримовтың соғыс туралы естеліктері

Әлеумет
08.05.2019, 09:15

Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт теміржолшы Жүнісбек Кәрімов ақсақалмен биыл Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында тағы да кездесіп, қалжағдайын білдік.

Осыдан үш жыл бұрын елордадағы өз үйінде жұбайымен бірге сұхбат алып, естеліктерімен бөліскен қария бүгінде 93 жасқа толса да тың екенін көріп қуанып қалдық. Тек жыл басында жұбайынан айырылып, жаны жабырқап, жалғызсырап қалған екен. Тағдыры қиын қариялардың қос ұлы болған, екеуі де ерте өмірден өтіп, немерелері бөтен болып кеткен екен. Бүгінде қария тумаса да туғандай болған балаларынан тараған немерелерінің қарауында.

Соғыстан бас-аяғы 7 жылда оралған 25 жастағы Жүнісбек болашақ жары небары 15 жастағы Ғапурамен отау құрып, екеуі 67 жыл бірге өмір сүріпті. Қан майданға 18 жасында аттанғанда, бұған дейін бірнеше баласы шетінеп барып көрген жалғыз тұяғы Жүнісбегін енді көремін бе, жоқ па деп құса болған әкесі 3 айда күйігі ішіне түсіп, көз жұмыпты. Жалғыз ұлы қан майданнан жеті жылдан соң елге оралып, отбасылы, балалы-шағалы болып, теміржолда абыройлы қызмет етерін және ғасырға жуық өмір сүрерін қайран әкесі білмеді...

1926 жылы Ақмола облысының Қажымұқан ауылында дүниеге келген Жүнісбек ақсақал соғысқа шақырылған соң үш ай бойы Алматыда дайындықтан өтіпті. Жауынгерді 348-ші жаяу әскер дивизиясына жіберді. Майдандағы алғашқы күні ардагердің жадында өшпес із қалдырды. Жерден де, көктен де бомба жауған қанды қырғыннан аман қалғанына өзі де сенбепті. «Әрі қарай етіміз үйреніп кетті, селт етпейтін болдық» дейді.

Соғыс біткесін Берлиннен Белоруссияға үш ай жаяу жүріп келген сарбаздар қатарында болған Жүнісбек Кәрімов елге бірден оралмады. Авиациялық училищені тәмамдап, тағы 4 жылдай әскери салада еңбек еткен. Туған жерге елуінші жылдардың басында ғана оралып, авиация саласында алған білімінің арқасында теміржолда белгі беру және байланыс шаруашылығында білікті маманға айналады. Сөйтіп 1992 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін радиобайланыс бойынша электр механигі, телім бастығы қызметтерін атқарады. Тіпті оның салаға ауадай қажет маман екендігі сондай, зейнеткерлікке үш рет шығып, екеуінде басшылық қайта шақырып отырған. Балалық шағы ашаршылық нәубетімен, бозбала кезеңі соғыспен сәйкес келген қарияның бүкіл ғұмыры сынақтар мен қиындықтардан тұрғанына қарамастан қажыры мен қайратының күштілігі сондай, тоқсаннан асса да әлі де тың, сөзі ширақ, ойы анық. Тек өмірлік серігінің өзінен кіші бола тұра көз алдында кеткені қарияның көңілін құлазытады.

– Бәрі де Алланың сынағы ғой. Осылай жазған екен. Пешенемізге жазылған ғұмырды тынысымыз біткенше адал және абыройлы сүріп шықсақ болды. Өз басым ешкімнің алдына қол жайып бармадым, таза еңбегім мен білімімнің арқасында ауыр сынақтардан аман өтіппін. Ендігі өмірім де бір Аллаға аманат. Бастысы, еліміз тыныш, заманымыз бейбіт болсын. Жаратқан қазағымның маңдайына елдің қамын жейтін тағы бір басшыны нәсіп етсін! – деп аталық тілегін айтты қария. 

Райхан РАХМЕТОВА

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді