Аманатқа қиянат жасалмайды
Әлеумет
16.09.2016, 17:52
Темір жолдың пошта қызметінде еңбек ететін экспедиторлар жұмысы оңай емес. Пойыз аялдаған әр станция мен бекетке хат-хабар, газет-журнал, бандеролдар таратып жүретін олар бір сапарда кем дегенде үш-төрт күн, тіпті бір аптаға дейін жолда жүреді.
Ақтөбе пошта экспедициясының қызметкерлері Асхат Раев пен Әділет Жарылғасын 7-8 жылдан бері жұп жазбай еңбек етіп келеді, екеуі жолға бірге шығады, бір бағытта қатынайды. Жұмыстары ортақ болғандықтан, өзара келісіп, кезекшілік етеді.
– Үнемі жол үстінде жүреміз. Бұл жұмысқа әбден үйрендік. Бір купеге хат-хабар тиеп, жол бойы барлық аялдамаларда керекті мекен-жайға тастап кетіп отырамыз. Әрі, жолдағы елді мекендерден де хат, посылкалар жинап алып отырамыз, жұмысымыз өзімізге ұнайды, – дейді экспедитор жігіттер.
Құжат тасымалдау – қолдан алып, қолға тапсыра салу емес. Олардың барлығы тіркеліп, сұрыпталып, қолдан-қолға өткенде міндетті түрде құжат толтырылып, қол қойылып, қабылдап алғаны не тапсырылғаны расталып отырылады. Жіберуші мен қабылдап алушының аты-жөндері жазылып, мөрлеріне де қойылады. Бұл, ең алыдмен қызметтің сенімдігі мен қауіпсіздігіне кепіл береді.
– Ақтөбеден Атырау, Маңғыстау, Алматы, Астана бағыттарына қарай қатынаймыз. Жолда бес күн жүріп келсек, сонша күн демаламыз. Кейде сегіз сағаттық кесте бойынша кеңсе жұмыстарына араласамыз, –дейді Асхат Раев.
Жалпы, хаттардың аман-есен иесіне жеткізілуіне экспедиция үш жылға дейін жауап береді екен. Яғни, пошта қызметі өздеріне осынша уақыт кез-келген тапсырылған затқа жауапкершілік жүктейді деген сөз.
– Кейде пойыз аялдаған станцияларда хат-хабарды алып кететін адам болмай қалады. Артынан хабарласып, келесі станцияға тастап кетулерін өтінеді. Немесе қайтар жолда алып қалады. Бұл, әрине экспедиторлар жұмысына сын, хат-хабардың тиісті адресатқа дер кезінде және адаспай жету мүмкіндігін бір пайызға болса да шектейді. Сондықтан біз мұндай оқиғаның орын алмауына мүдделіміз, – дейді Әділет Жарылғасын.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды