Окоп қазған қазақ қызы

Әлеумет
06.05.2020, 11:01
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атыраулық ардагер Төлеуова Қалима соғыс кезінде окоп қазған. 1925 жылы Гурьев облысы, Бақсай - қазіргі Махамбет ауданында дүниеге келген. Ата-аналары қайтыс болған соң, үлкен ағасы Тұрар Қондыбаев іні-қарындастарын өзі жұмыс жасап жатқан Ленинградқа көшіріп әкетіпті.

Тура Әлия Молдағұлованың өміртарихына ұқсас. Тұрар ағасы әуелі Орынбордың рабфагінде оқып, кейін Ленинградта геолог мамандығын алған. Кейін ол Совет Одағына белгілі геолог болған. Қалима мен Лима егіз қыз болыпты.

Тұрар аспирантурада оқып жүргенінде атақты академик Маардың он екі бөлмелі үйінің алты бөлмесін аспиранттарға берген екен. Соның бірінде бұлар тұрыпты.

Соғыс басталғанда Тұрар броньмен қалдырылып, отан қорғау ісіне пайдалы минералды заттарды іздестіруге құрылған экспедициямен Қиыр Шығысқа жіберіледі.

Ал інісі Сәкен Беларуссия ерекше әскери округіне жұмысқа жіберіледі.

Қалима болса сол кезде қоршауда қалған Ленинградты жаудан азат ету майданында, окоп қазу жұмыстарына алынады. Ас жоқ, су жоқ, қоршауда қалған қаланың тұрмысы қаншалықты қиын болғаны тарихтан мәлім. Соғыс өз алдына, адамдар аштық пен суықтан қырылып жатты...

Қаланы жау қолынан азат етіп, зауыттар мен басқа да стратегиялық маңызы бар объектілерді Ленинградтан көшірген кезде Қалима Таласбайқызы туған жері Атырауға оралады. Төлеуов Қайырболат есімді жергілікті теміржолшы жігітке тұрмысқа шығады.

Қайырболат аға пойыз құрастырушы, станция кезекшісі, Доссор станциясының бастығы болып жұмыс істейді. Ал Қалима апа Доссор станциясында билет және тауар кассирі болып 40 жыл еңбек еткен.

Төрт бала тәрбиелеп өсірген, ұлдың үлкені Төлеуов Мақсот Атырау теміржол бөлімшесінде жұмыс жасады, Атырау байланыс дистанциясында электромеханик, бас инженер, дистанция басшысы болды.

Биыл 95-ші көктемін және Жеңістің 75 жылдығын қарсы алған Қалима әжей де тың, немере-шөбере сүйіп, солардың қызығына бөленіп отыр.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды