Теміржолшылар өсірген бақ

Әлеумет
18.08.2020, 13:29
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау қалпына келтіру пойызының ауласында неше жылдан бері жеміс ағаштары жайқалып тұр. Мұның бәрі теміржолшылардың өз қолдарымен өсірген бақшасында пісіп жетіледі.

Біз де сол бақшадан дәм татып, мекеменің жұмыстарымен танысуға барғанбыз. Қазір жүзімнің екі сорты жеміс салып тұр екен. Әлі бабына келе пісе қоймаса да жасыл-қара болып жетіліп жатқан жеміс көркімен көз тойдырады.

Жұмыстан шаршап шыққан адамға бұл көріністі көру бір ғанибет секілді. Жеміс беріп тұрған ағаштардың саясында дем алып, арасынан күн сығалайтын жапырақтарының сыбдырына құлақ түру, шаршаған бойды сергітіп, ойды ұштайды емес пе?! Олар мұндай мүмкіндікке көктемнен қоңыр күзге дейін ие.

− Бақтың ішіне неше түрлі көкөністер де өсіріліп, жерді жақсы пайдаланған. Себебі ол уақыттарда жерге су жақсы берілген. Қазір судың жайы онша мәз болмағандықтан ағаштарды қуратып алмау үшін үнемдеп жеткізіп отырмыз. Әйтпесе бақшаның жері жақсы, су жеткілікті келсе, неше түрлі егін егуге болады. Суды «Теміржолсу» мекемесінен аламыз. Естуімізше, біраз жылдар бұрын осы мекемедегі орыс азаматтары егіп, өсірген, біз оны жалғастырып жатырмыз. Мекеме айналасына еккен қара ағаштарымыз да бой көтеріп қалды. Екі жыл бұрын отырғызған 3 алмұрт, 2 қара өрік те келер жылдары жеміс беріп қалады деп күтудеміз, – дейді Маңғыстау қалпына келтіру пойызының бастығы Маралбек Нұрмағанбетов.

Мекеме басшысының айтуынша, бақшаның жалпы аумағы 300 метр. Онда жүзім, өрік, алма, алмұрт ағаштары өседі. Бақта жаздың басынан күзге дейін жеміс болады. Піскен өнімдерін мекеме жұмысшылары теңдей бөліп алады. Биыл да жеміс маусымы басталғалы бақшада жетілген 4 түп алма, 5 түп өрік ағашынан өнім жиналыпты. Жемістерін жылдағы әдет бойынша жұмысшылар өзара үлесіп, отбасыларына алып кеткен.

Ал ол ағаштардың күтіміне келсек, оны да мекеме жұмысшылары теңдей атқарады екен. Дарақтардың астын ақтап, қураған бұтақтарын кесіп, жерін қопсытып, күш беріп, суару сияқты шаруаларды қолы босаған жұмысшы өз еркімен істей беретін көрінеді. Теміржолшылар бұл да демалыстың бір түрі деп біледі. 

Жүк тасымалы
28.07.2026
Екібастұздан Ұлыбританияға: ҚТЖ қазақстандық тыңайтқыштарға жаңа экспорттық маршрут ашты
Жаңалықтар
28.07.2026
ҚТЖ локомотив паркін жоспарлы түрде жаңартуда
Аймақтар
28.07.2026
Маңғыстау станциясында «Қауіпсіз теміржол өткелі» акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
28.07.2026
Шулық теміржолшылар апаттың алдын алды
Әлеумет
28.07.2026
«Үміт» пойызы іске қосылды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Ақтөбеде теміржол өткеліндегі қауіпсіздік мәдениеті тексерілді
Аймақтар
28.07.2026
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде екі автотрансформатор пункті салынды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Заң мен тәртіп: Болашақ жүргізушілерге теміржол өткеліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Қауіпсіздік
28.07.2026
Қарапайым ережені сақтайық
Жолаушылар тасымалы
28.07.2026
Пойыздағы санитарлық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
Спорт
28.07.2026
Бас жүлдегер – «Теміржол қалқаны»
Жаңалықтар / Мұрағат
28.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №57 28 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті