Алматы-1 станциясы қалай салынды?

Әлеумет
26.08.2020, 09:57

Осыдан тұп-тура 90 жыл бұрын Алматыға алғашқы пойыз келді. Сол кезде бұл оқиға туралы Одақ бойынша барлық газеттер жабыла жазып, оқиға орнынан хабар таратып жатты.

«...причалил первый в 10-ти километрах от города открыт сухопутный порт столицы Казахской республики» деп жазды. Бұл қазіргі Алматы-1 станциясы орналасқан жер еді.

Ал енді осы Алматы-1 станциясының салыну тарихы қалай болғаны жайлы біреу білсе, біреу білмейді. Темір жол станциясын салу жобасының бастапқы нұсқасы бойынша станция сол кездегі шағын Алматының батыс жақ шетінде болуы керек еді. Станция орналасқан орын түпкілікті таңдалар сәтте Түрксібті жобалап-салушылардың бірі, Түрксіб құрылысының техникалық-өндірістік бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған қазақтан шыққан тұңғыш инженер Мұхаметжан Тынышпаев алғашқы нұсқаның қате екенін дәлелдейді. Жергілікті кадр Тынышпаевқа көп нәрсе жақсы таныс еді. Ол Алматы-1 станциясының орны таңдалған нұсқаның тиімсіздігін дәлелдеп, баспасөзде бірнеше мақала да жариялады. Мәскеуге барғанда Жол қатынастары Халық комиссариатында да осы мәселені көтеріп, нақты мысалдармен дәлелдей білді.

Мұхаметжан Тынышпаевтың айтуынша, Алматы Қазақстанның астанасы, қала жас, әлі өседі, қанатын жаяды. Сондықтан егер теміржол станциясы сол жобаланған жерден салынатын болса, алдағы 20-30 жылда-ақ ол қаланың ортасы болып қалмақ. Сондықтан, теміржол станциясы қаланың емін-еркін кеңейіп, өсіп-өркендеуіне кедергі келтірмес үшін, қауіпсіздік талаптарын да басшылыққа ала отырып, оны қаладан 10 км қашықтан салу қажеттігін дәлелдеуге тырысты. Тынышпаев қала мен теміржолдың бір-бірінен тым қашық жатқанын айтып қарсылық танытқандарға қажет болып бара жатса, қалаға теміржол тармағын тартуға болатынын айтқан болатын. Кейіннен солай болды да, қалаға жақын Алматы-2 станциясы салынып, ал негізгі теміржол шаруашылығы, өндірісі, жүк тасымалы қаланың сыртында жатты.

Бүгінде Алматы-1 теміржол станциясы – ұлы құрылыстың күрметіне Түрксіб аталатын ауданның орталығы, ірі өндірістік аудан. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады