Опорная станциясында ұзақ жыл еңбек еткен ерлі-зайыптылар бір күнде зейнетке шықты

Әлеумет
30.07.2021, 16:47
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолының Бейнеу–Құлсары телімінде орналасқан төртінші класты Опорная станциясында саналы ғұмырының сәнді де мәнді жылдарын өткізген ерлі-зайыпты теміржолшылар кәсіби мереке қарсаңында зейнеткерлік демалысқа шықты. Әріптестері қимай қоштасып, ақ тілекпен шығарып салған қос теміржолшы – Опорная станциясының бастығы Мұртаза Алдоңғаров пен станция вокзалын тазалаушы Сания Кокимова. Ерлі-зайыптылардың Опорная станциясы үшін еткен еңбегі енді өткен күндер естелігіне айналмақ. Жұмысқа бірге келіп, бір салада талай жыл қатар жұмыс істеген олар енді зейнеттік демалысқа да қол ұстасып бірге аттанды. 44 жыл осы салада тер төгіп келе жатқан Мұртаза Алдоңғаров еңбек жолын 1976 жылы Атырауда бастапты. Маңғыстау теміржолына 1979 жылы келген. Сол жылы Опорная станциясына пойыз құрастырушының көмекшісі жұмысына кіріседі. Кейін пойыз құрастырушы, Қаркол станциясы кезекшісі, Опорная станциясы кезекшісі болып тәжірибе жинайды. Гурьев темір жол техникумында, Ақтөбедегі Қазақ қатынас жолдары университетінде сырттай білім алады. 2007 жылы Опорная станциясының тізгінін қолға алып, 2012 жылы денсаулығына байланысты өз еркімен станция кезекшісі жұмысына ауысады. Соңғы бір-екі жыл көлемінде қайтадан станция басшысы қызметіне тағайындалады. Ал оның өмірлік серігі Сания ханым болса Атыраудың тумасы. Мектеп бітірген соң темір жолға жол монтері болып жұмысқа тұрған. Тұрмысқа шыққан соң біраз жыл отағасы мен балаларының күтімін жасап үйде отырады. 2008 жылы Опорная вокзалы аумағын тазалаушы болып НЖС магистральдық желі мекемесіне жұмысқа орналасып, күні бүгінге дейін еңбек етті. Мұртаза аға мен Сания апа зейнетке кетсе де артында тәрбиелеп өсірген ұрпағы теміржолдың болашағы үшін еңбек ете бермек. Екеуінен туған екі ұл мен екі қыздан теміржолшылар да шыққан. Тұңғышы Қуаныш №467 бекет кезекшісі болса, келіні Гүлзада – Опорная станциясында кезекші. Екінші ұлы Аманкелді – сол станцияда байланыс механигі. Зейнет демалысына аттанып бара жатып, теміржолшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған Мұртаза аға, шын мәнінде, жарты ғасырға жуық теміржолдың дамуына адал тер төкті. Енді ұзақ жылғы бейнетінің зейнетін көрмек.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті