Аягөзде теміржолшылар үшін жаттығу залы ашылды

Спорт
29.06.2023, 12:33
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы Аягөз станциясында теміржолшылар қауымы үшін қуанышты жаңалық болды. Аягөз локомотив пайдалану депосының бас ғимараты жертөлесінен жергілікті сала қызметкерлеріне арналып спорттық жаттығу залы ашылды.

Аягөз өңірінде мұндай елеулі жаңалықтың орын алмағанына көп болған еді. Оның үстіне дәл осындай спорттық инвентарьдің түр-түрімен молынан жабдықталған тамаша жаттығу залы тек депо емес, жергілікті теміржолшылар үшін айтулы оқиға болғаны анық. Сондықтан да болар, қуанышты шараға теміржолшылар қауымы мен Аягөз шаһарындағы теміржол мекемелерінің басшылары толық жиналды.

Жаттығу залының ашылу салтанатында қазақы дәстүрмен шашу шашылып, ақжарма тілектер айтылды. Депо басшысы мен кәсіподақ ұйымының төрағасы лента қиып, атшаптырым залдың есігі көпшілікке айқара ашылды. Көпшілік осынау игілікті істің бастамашысы болған ТЧЭ-25 басшысы Алмас Жанатқалиұлы мен Ғалинұр Мырзашев бастаған салалық кәсіподақ ұйымының белсенділеріне ризашылықтарын білдіріп жатты. Арнайы жабдықталған үлкен залды аралап көріп,  заманануи спорттық тренажерлардың түр-түрімен танысып, тамашалағандар қатарында әсіресе машинистер мәз-майрам. Жұмыстан соң, сапар алдында  дененің құрыс-тырысын жазып, сергіп алуға мүмкіндік мол. Сондай-ақ, қан айналымын арттырып, белге түскен салмақтан да арылуға болады. Бастысы, салауатты өмір салтын қалыптастыруда теміржолшылар қауымы үшін елеулі қадам жасалды.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті