Атырауда Тәуелсіздік күніне орай шағын футболдан жарыс өтті

Спорт
13.12.2023, 10:11
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырауда Тәуелсіздік күні құрметіне шағын футболдан өткен жарысты  жергілікті кәсіподақ ұйымдастырды. Оған өңірдегі теміржол мекемелерінен 9 команда қатысты.  

Олар: Атырау локомотив пайдалану депосынан 3-колонна, аппарат және резерв командалары, вагон депосы, Атырау мен Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциялары, электрмен жабдықтау және Атырау жол дистанциялары, «Ақжайық-7» ЖШС командалары. Байқағанамыздай, барлығы да турнирге үлкен дайындықпен, жеңісті қолдан бермеуге бекініп келген екен. Оның үстіне футбол – өңірде кең тараған және теміржолшылар сүйіп ойнайтын спорт түрі. Сондықтан ойын да қызықты және тартысты өтті. Тоғыз команда арасындағы тайталас ұзаққа созылды. Қарсыласына ұпай жібермеуге тырысқан ойыншылар намысты қолдан бермеу үшін барын салды. Бір ойында жеңілсе, екінші ойында қарсыласын ойсырата жеңіп, алма-кезек алаңға шыққан командалар арасында қара үзген «Ақжайық-7» командасы жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды. Екінші орынды локомотив депосы 3-колоннасы, ал үшінші орынды Атырау байланыс дистанциясының командасы иеленді. Жеңімпаз командалар кәсіподақ атынан кубок, арнайы диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады