Шымкентте шахматтан турнир өтті

Спорт
01.07.2024, 11:43
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

«Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының кәсіподақ комитеті ардагерлер арасында  шахматтан турнир өткізді.  

Қазақстан теміржолының 120 жылдығына орай ұйымдастырылған зияткерлік ойынға теміржол саласында ұзақ жыл еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп жүрген бір топ ардагер қатысты. Жарыстың ойдағыдай өтуіне атсалысқан Ардагерлер кеңесінің хатшысы Назира Құрманбекова мен кәсіподақ ұйымының сарапшысы Тоқтар Беков және спорт нұсқаушысы Елена Маншина жетекшілік етті. Үш айналым бойынша өзара сайысқа түскен ардагерлердің ойыны тартысты да қызықты өтті. Қызығы сол, жеңімпаз атанғандармен қатар, жеңілгендерге де сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілді.

– Бүгінгідей шараны өткізудегі мақсатымыз зейнеткерлердің басын қосып, бір сәт көңіл сергіту болып табылады. Қарттарға осындай мүмкіндік жасап жатқан кәсіподақ ұйымы мен темір жолда тер төгіп жүрген жетекшілерге ризашылығымызды білдіреміз, – дейді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрғали Нұртаев.

Айта кетейік, зияткерлер ойынында жеңіске жеткен  Асқар Әбішев пен Сади Сайранбаев және Павел Маншин алдағы уақытта Теміржолшылар күніне орай Астанада өтетін республикалық турнирге жолдама алды. Ендігі жерде осы үштіктен құралған шахматшылар тобы 17 өңірден жиналатын кіл мықтылармен күш сынасып, өңірдің намысын қорғайды.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті