Жеңіл атлетикадан 100 метр қашықтыққа жүгіруден теміржолшының баласы жүлдегер атанды

Спорт
18.06.2021, 14:22
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау облыстық чемпионатында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан 100 метр қашықтыққа жүгіруден теміржолшының баласы жүлдегер атанды. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ комитеті төрағасы бұл жағымды жаңалықты үлкен мақтанышпен жеткізді. Себебі жеңімпаз жасөспірім олардың көз алдында өсіп, ауруға мойымай, қайсар мінезімен жетістікке жеткен жігерлі бала екен. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша бүгінде мұндай мүмкіндігі шектелген жетпіске жуық теміржолшылардың балалары бар екен. Солардың әрбірінің хал-жағдайы үнемі кәсіподақ бақылауында. Бөлімшенің кәсіподақ комитеті төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов мұндай табандылық кейбір дені сау балалардың да қолынан келе бермейтінін айтады. − Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде логистиканы қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Айбек Утековтың ұлы Әлішер Құмаров жақында өткен облыстық чемпионатта екінші орын алды. Бала кезінен ДЦП диагнозы қойылған ол өзін ауру сезінбейді, өмірге құштар. Бұған дейін де біраз жарыстардан топ жарып жүр еді. Осы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және балаларды қорғау күніне орай қол күресінен жасөспірімдер мен жас жеткіншектер арасында өткізілген қалалық ашық жарыста бірінші орынды иеленді. Ақтау қаласында ұйымдастырылған Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай қол күресінен жасөспірімдер мен жас жеткіншектер арасындағы сайыста да бірінші орынды қанжығаға байлады. Жеңіс күніне және мотомаусымның ашылуына байланысты өткен қол күресінде екінші орыннан көрінді. Наурыз мерекесінде гір спорты мен қол күресінен ашық жарыста бірінші орынды жеңді. Үнемі алғы шептен көрініп келеді. Бұл бізді ерекше қуантады. Баланы спортқа баулып, өмірге құлшынысын арттырып, осындай жетістікке жетуіне ықпал еткен ең алдымен оның ата-анасының еңбегі, – дейді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің төрағасы. 17 жасар жеткіншек спортқа жастайынан келген. Бірнеше түрімен қатар айналысады. Бәрінен де жоғары нәтижесі бар. Ата-анасының айтуынша, ол спортты жанына серік еткелі өмірі өзгеріп, өзін өзге балалардан ерекше деп санамайтын болған. − Бала кезінен көп жыл емдеттік. Аяғына тұра бастағасын спортқа баулыдық. Қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт мектебіне бердік. Өзім жастайынан шашка, шахмат ойнауға үйреттім, үмітіміз көп, – дейді чемпион ұлдың әкесі. Әлішердің компьютерге де қабілеті жақсы екен. Болашақтағы арманы – жоғары оқу орнын бітіріп, бір мамандықтың иесі болу. Мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа баулып, алға жүруге мотивация беру.

Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап