Болашақ станциясы өсім жолында: жаңа дәреже – жаңа міндеттер

Станция тынысы
13.05.2025, 08:32
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолының Түрікменстанмен шекаралас станциясының дәрежесі артты. Станция соңғы жылдары көрсеткен жұмыс көрсеткіштерінің көлеміне байланысты үшінші кластан бір саты жоғарыға көтерілді. Өткен айда екінші класты станция атанған «Болашақтың» болашағы әлі алда.

Межеленген міндеттерді артығымен орындап, күннен күнге жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқан станциядағы жұмыстардың қазіргі барысы көңіл көншітерлік. Биылғы жылдың бірінші тоқсанын оң көрсеткіштермен аяқтаған станция қызметкерлері алдағы күн еншісіндегі жоспарларды орындауға білек сыбана кіріскен. Жыл сайын бірінші болып комиссиялық байқаудан өтетін станция жақында ғана көктемгі байқауға тастүйін дайындалып, жақсы баға алған болатын.  

Түйіспе станция өткен жылы да жұмысын жақсы нәтижелермен қорытындылағанын атап өткен жөн. Мәселен, былтыр Болашақ көрші елге 1 298 311 тонна жүк немесе 22 500 вагон өткізген. Түрікменстан елінен 504 пойызды қабылдап, 23 354 вагонына қызмет көрсеткен. Биылғы алғашқы үш айдың ішінде 137 пойызбен 5816 вагонды жөнелткен. Кері бағытта көршілердің 132 пойыз 6648 вагонды күтіп алып, әрі қарай діттеген мекенжайына жіберілуіне мұрындық болған. Яғни бір тоқсанда екі елдің арасында 413 887 тонна жүк алмасуды жүзеге асырған.  

– 2023-2024 жылдардағы жұмыс көлемі мен өткізген пойыздар есебі бойынша осы жылдың сәуір айынан бастап екінші класқа ауысып жатырмыз. Бірінші кезекте кластық дәрежеміздің көтерілуіне жүк көрсеткіштерінің артуы себеп болып отыр. Әрине станция мәртебесінің көтерілуі алдағы міндеттеріміздің салмағын айқындай түседі. Жауапкершілік жүгі де қазіргіден жоғарылай түспек. Ұжымымыз ауызбіршілік пен еңбектің арқасында осындай деңгейге жетті, алдағы уақытта да биік белестерді бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбектене жүріп бағындыра береміз. Келер жылдары жүк айналымы қазіргіден біраз есе артады деген болжам бар. Соған дайын болып, өз міндетімізді мүлтіксіз орындауға мүдделіміз. Бүгін екінші класты станция болып жатсақ, көп ұзамай бірінші санатқа көтерілуге бар күшімізді саламыз, – дейді Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.  

Оның айтуынша, кейінгі жылдары станцияда жағымды өзгерістер байқалып отыр. Жұмыс орындарындағы бұрынғы компьютерлердің барлығы түгел жаңартылған. Жұмысшылардың жайлы жұмыс орнын қамтамасыз ету мақсатында кондиционерлер орнатылған. Бұдан бөлек, тоңазытқыш, қысқатолқынды пеш, тоқ шайнектер сияқты қажетті дүниелер алынып, алаңсыз жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты