ҚТЖ биылғы қазан айының соңына дейін 5,1 млн тоннадан астам тас көмір тасымалдады

Жүк тасымалы
28.10.2021, 10:26
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ» ҰК» АҚ көмір тасымалы бойынша барлық міндеттемелерді орындауда. Мәселен, қазан айының 25 күні ішінде еліміз тұтынушылары үшін 5,1 млн тоннадан астам тас көмір тиеліп, жоспар 102% асыра орындалды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Оның ішінде еліміздің жылу электр орталықтарына 4,2 млн тонна жеткізіліп, тиеу жоспары 102,3% құрады. Еліміздің коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 986 мың тоннадан астам қатты отын тиелсе, экспортқа – 2,1 млн тонна көмір жөнелтілді. Қазан айында жалпы көмір тиелімі 7,3 млн тоннаны құраған. Облыстардағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары – жол бөлімшелерінде көмір тұйықтарын аралап, кәсіпорындардың кірме жолдарындағы көмір қорларын бақылап, кірме жолдар иелерімен бірлесіп стратегиялық жүкті жеткізу бойынша проблемалық мәселелерді анықтайтын жедел мониторингтік топтар жұмыс істеуде. Олар барлық ақпаратты жедел түрде «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратының көмірді тасымалдау жөніндегі штабына беріп отырады. Қазан айының 25 күні ішінде Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Семей жол бөлімшелері бойынша ҚТЖ мониторингтік топтары 30-дан астам коммуналдық-тұрмыстық көмір алушыларды аралаған. Мәселен, Қостанай облысына қазан айының 25 күнінде 43 мың тоннадан астам, Павлодар облысында 36 мың тоннадан астам, Қарағанды облысында 128 мың тоннадан астам коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізіліп, жоспар межеден асыра орындалған. Жүк жөнелтуші «ВостокУгольПром» ЖШС қазан айында Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 180 мың тоннадан астам көмір тиеуді жоспарлапты, алайда осы айдың 25 күнінде 185 мың тоннадан астам қатты отын тиеп, жоспардың орындалуы 128% құрады. Мониторингтік топтар кірме жолдарды аралау барысында коммуналдық-тұрмыстық көмір алушыларда туындаған барлық мәселелерді жедел тәртіппен шешіп отырады. Бірлесіп ұйымдастырылған жұмыс арқасында өңірлерде тұрғындардың көмір сатып алуында елеулі проблемалар анықталған жоқ.
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды