Ақтөбе теміржол учаскесінде контейнерлік пойыздардың маршруттық жылдамдығын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыс ауқымды.

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында пойыздардың орташа маршруттық жылдамдығы тәулігіне 775 шақырымды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 52 шақырымға артық.  

«ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе филиалы техникалық бөлім бастығының орынбасары Әлия Абдуллинаның айтуынша, Ақтөбе учаскесінде биылғы тоғыз айда 3 200 контейнерлік пойыз өткізілді. Бұл маршруттық жылдамдықтың артуы контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыруда оң динамиканың бар екенін көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмыс жүк пойыздарының қозғалысын үйлестіруді, теміржол қызметтерінің өзара іс-қимылын және тасымал процесін тиімді ұйымдастыруды қамтиды.