Орталық Азия - Еуропа жүк тасымалына Венгрия терминалының инфрақұрылымы пайдаланылмақ

Жүк тасымалы
02.11.2021, 10:36
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Орталық Азияға транзиттік тасымалды Венгрия арқылы дамытуды көздеп отыр. Осы орайда «Celiz Орталық-Еуропалық логистика және өнеркәсіптік аймақ» жобасының өкілдері мен «KTZ Express» АҚ басқарма басшысы Нұрлан Игембаев меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Тараптар Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы алдағы жылдары айтарлықтай артатынына сенім білдірді. Еуропаға келетін қытайлық тауарлардың тасымал логистикасы мен көлемінің өсуі тар және кең шанақты теміржол магистралі түйіспелеріндегі түсіріп-тиеу бойынша инфрақұрылымды дамытуды қажет етеді. Осыған орай транзиттік тасымалды қамтамасыз ету үшін жаңа бағдар ретінде Венгрияның Захони терминалы инфрақұрылымын пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде.

– Қазақстан ел аумағындағы барлық бағдарлар бойынша жүк көлемін арттыруға бағытталған жұмыстарды үздіксіз жүргізіп келеді. Біз бұл жағынан айтарлық өсім барын байқадық, транзиттік контейнерлік тасымал көлемі 2021 жылдың 9 айында 795 мыңнан астам ДФЭ құрады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 28% көп. Қазақстан арқылы контейнерлік бағдарларға сұраныс өте жоғары. Сонымен қатар KTZ Express ҚХР – ЕО бағыты бойынша ресейлік, Балтық маңы порттары және ТХКБ арқылы қосымша бағдарларды дамыту жөнінен жұмыстар жүргізуде. Олардың қатарында Түркияға контейнерлік пойыздармен Қазақстан бидайын және Қытайға open top контейнерлері арқылы, ал Таяу Шығыс, Африкаға, Орталық Еуропаға әмбебап контейнерлермен көмір экспорттау бойынша жаңа жобалар бар, – деді «KTZ Express» АҚ басқарма басшысы Нұрлан Игембаев.

Теміржол көлігі сонымен қатар қоршаған ортаға зиянды аз келтіру жағынан да тиімді. Венгрия және Қазақстан тарапы Венгрия арқылы Орталық Азияға транзиттік тасымалды дамыту іскерлік қатынастарды дамытуға тың серпін береріне сенімді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті