Құрық-Баку-Құрық бағдары бойынша «Professor Gul» паромына жолаушылар билеті де сатыла бастады

Жүк тасымалы
16.11.2021, 10:17
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан мұхитқа тіке шыға алмайтын мемлекеттер тізімінде болса да Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне шығу мүмкіндігіне ие. Бүгінде Маңғыстау түбегінің Ақтау және Құрық порттарынан кемеге тиеліп, ежелгі атауы Хазар атанған теңіз арқылы шетелдерге жөнелтіліп жатқан жүк тасымалында шек жоқ. Ал енді, міне, Құрық-Баку-Құрық бағдары бойынша «Professor Gul» паромына жолаушылар билеті де сатыла бастағаны аян болып отыр. Егер сіз турист немесе бизнесмен болсаңыз, демалып немесе уақытты пайдалы өткізгіңіз келсе, Бакуге теңіздің тамаша көрінісін тамашалап, кемемен барудың керемет сәті туып тұрған жоқ па?! Атап өтерлігі, «Professor Gul» кемесі жолаушылармен қатар жүк, автомобиль, теміржол вагондары, трейлер және рефрижераторлық жүктерді де тасымалдайды. Демек, Әзербайжан елінен автомобиль алып келемін десеңіз де ешқандай қиындық жоқ. Ал кеменің қауіпсіздігіне келсек, ол әлемдік стандарттарға сай құрастырылып, жаңа радионавигациялық жабдықтармен, сондай-ақ, жел-дауыл кезінде кемені тұрақтандыру жүйесімен жабдықталған. Жолаушылар талғамына және қаржылық жағдайына қарай 2 және 4 орындық каюталарда орналаса алады, сондай-ақ 6 орындық каюта да бар. Жолаушыларға арналған орын саны – барлығы 79. Вагон палубасына келсек, ол 4 жолдан тұрады және 28 теміржол вагонына арналған. Жолаушыларды паромдарда және Ро-Ро типті кемелерде тасымалдау тарифтеріне келсек, бір жолаушыға бір бағыттағы тасымал құны АҚШ долларымен келесі шарттарды құрайды. Яғни, 2 орындық каютаның бір адамға шаққандағы билет құны 80$, 4 орындық каютаның бір адамға билет құны 70$, 6 орындық каютаның бір адамға билет құны 60$ құрап отыр. Бұл жерде билет құнына жолаушының тамағы да кіреді екен. Сонымен қатар 5 жасқа дейінгі балалардың жол жүруі тегін болса, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік қарастырылған. Ұлы Отан соғысының батырлары тегін жүре алса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 50% жеңілдік мүмкіндігі берілген. Бір жолаушыға қарастырылған тегін жол жүгінің нормасы 50 кг құраса, қосымша әрбір килограмы үшін 0,16 АҚШ доллары алынады. Төлем тек АҚШ долларымен ғана емес, теңгемен де жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген төлем күніне АҚШ долларының бағамы қолданылатын болады. Ал билеттерді ticket@ferry.kz электрондық поштасы немесе 8 (7292) 50-03-46, +7 (702) 206 40 71 телефондары арқылы сатып алуға болады. Айта кетейік, Құрық портынан Бакудың Алят портына дейін паромның жүру уақыты 18-20 сағатты құрайды екен.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды