Семей вокзалының пайдалануға берілгеніне 50 жыл

Инфрақұрылым
08.02.2022, 12:52
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржол вокзалы жолаушы тасымалындағы қызметін сонау өткен ғасырдың басында, 1915 жылдан бастады. Сол жылы ашылған Алтай теміржолының Семипалатинск-Новониколаевск тармағы салынып, пайдалануға берілген болатын.

Ал 1972 жылы ескі вокзалдың орнына заманауи талаптарға сай жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Яғни, биыл тұп-тура 50 жыл толады. 2017 жылдың 29 қараша күні Үкіметтің жаңа қаулысымен Семипалатинск станциясының атауы Семей станциясы болып ауысып, сәйкесінше теміржол вокзалы да жаңаша атала бастады.

Биыл Семей магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы бірқатар іс-шараларды қолға алмақ. Вокзалдың екінші қабатынан қайта ашылған «Түрксіб-Семей» мұражайынан арнайы мүйіс ашу көзделуде. Себебі, Семей теміржолының тарихында вокзал қызметі жарқын парақтарға толы. Сондай-ақ, көптеген династиялар қалыптасқан бірегей мекеме.

Әйтсе де, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бірінші кезекте тұр. Қазіргі күні талдау қорытындысы бойынша, Семей теміржол вокзалынан тәулігіне 2250-2280 жолаушы шартарапқа жол тартады екен. Бұл ретте Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ғимарат толықтай жөндеуден өткен болатын. Аталмыш бағыттағы шараларды НЖС-6 бөлімшесі өткен жылы да шаруашылық есебімен жүргізді. Атап айтсақ, вокзалдың ішкі әрлеу жұмыстары толықтай аяқталды. Жарықтандыру, әрлеу мен кафельдерін ауыстыру ісі мезгілінде мәреге жетті. Сол тәрізді сыртқы жұмыстар да қолға алынып, жолаушылар платформасы қайта жаңартылып, бетондары ауыстырылды. Бұл шаралардың сыртында вокзалдың қасбеті толықтай өзгертілді. Қосымша бағаналар қойылып, жарықтан   дырылу да күшейтілді. Яғни, вокзалдың сыртқы келбеті мүлде өзге кейіпке енеді.

Вокзал бастығы Есет Қажығұловтың айтуынша, биылғы 50 жылдық мерейтой қарсаңында вокзал бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін толықтай жағдай жасалады. Брайль тақтайшасы, шақыру түймешіктері қойылды, атқарылатын жұмыстар әлі бар.

– Бүгінде қалалықтар мен қала қонақтарын мүлде өзгерген, қолайлылығы артқан жаңа вокзал ғимараты күтіп тұр. Әйтсе де, карантинге орай барлық санитарлық талап- ережелер орындалып жатыр. Жолаушылардың орындары арнайы лентамен бөлінген, касса алдында да 1,5 метрлік арақашықтық сақталуда. Сол тәрізді кіру-шығу есігінде де нөпірдің орын алуына жол берілмейді, – дейді вокзал басшысы.

Сонымен қатар Семей теміржол вокзалы мен Семей бөлімшесінің бас ғимараты ортасындағы 1500 шаршы метрді қамтитын алаң да қазір өзгеше кейіпте. 2005 жылы орнатылған Қабанбай батыр ескерткішінің тұғыртасы қайта жаңғыртылып, аумағындағы тақтатастар толығымен ауыстырылған. Жиектастар ауыстырылып, арнайы сәкілер қойылған.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды