Шар-Өскемен: тұңғыш мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы

Инфрақұрылым
02.08.2022, 11:02
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен ширек ғасыр ішінде Қазақстан темір жолы 2 мың шақырымнан астам жол салды. Соның ішінде елімізде тұңғыш рет мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылған жоба – Шар-Өскемен темір жолы экономикалық, геосаяси тұрғыдан да аса тиімділігін дәлелдеді.

Жоба қазығы 2005 жылы 27 тамызда қағылды. Құрылысқа 60-тан аса мердігер компаниялар қатысып, екі мыңға тарта адам еңбек етті. Құрылыс бір уақытта екі жақтан, бір-біріне қарама-қарсы жүргізілген. Өскемен биік жотада орналасқандықтан, тау-тасты қопаруға көп күш жұмсалған. Жалпы ұзындығы 151 км теміржол бойына Шалабай, Екіаша, Айыртау станциялары, Саржал, Борсақ, Қайсенов разъездері, сондай-ақ 15 теміржол көпірі, 4 жол өтпесі, 5 мал өткелі, қар тоқтататын дуалдар салынып, 95-тен астам су құбыры төселді. 

Жаңа жол индустриялы Алтай өңірін қуатты Түрксіб транзиттік магистралімен жалғады. Аймақтың басқа облыстарға ғана емес, шет мемлекеттерге де төтелей шығуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, елдің қиыр шығысы мен Алматының арасын да едәуір қысқартты. Өскеменнен шыққан пойыздар Шар станциясы мен екі араны 3 сағатта еңсереді. Ал ресейлік Локоть станциясы арқылы айналатын ескі маршрут бойынша 12-14 сағат уақыт кететін. Жүк тасымалы жылдамдаған соң бағасы да арзандай түсті. Кедендегі рәсімдеу ісі жеңілдеп, шекара қызметіне де оңтайлылық әкелді. Ең бастысы, жолаушылар шекара кесіп өтетін машақаттан құтылды. Жаңа жолдың іске қосылуы өр Алтайдың ғана емес, бүкіл шығыс халқы үшін тиімді болды. Желі бойындағы шағын ауылдарға жан бітіп, жаңа жұмыс орындары ашылды, үйлер салынды. Шығыс өңірі бұл жобадан тек табысқа кенелді. 

Ал еліміз Шар-Өскемен жолының ашылуы арқасында көрші мемлекетке деген экономикалық тәуелділікті азайтты. Қазір бір жолды желімен «Астана-Нұрлы Жол-Риддер» бағыты бойынша және «Алматы-Өскемен-1» бағытындағы, сондай-ақ Өскемен- Алакөл сынды бірнеше қаларалық жолаушылар пойыздары тұрақты түрде қатынайды. «Dosjan temir joly» АҚ қызмет көрсететін желі бойында тәулігіне 20-дан аса жылжымалы құрам өтеді екен.

– Шар-Өскемен темір жолы жарақтануы бойынша алдыңғы орында. Бұл ең алдымен автоматты бұғаттау жүйесіне қатысты, бұл пойыздардың қозғалыс схемасын айтарлықтай оңтайлан- дырып, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады. Теміржол төсеміне параллель оптикалық-талшықты байланыс желісі салынған, бұл пойыздар қозғалысын компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді, – дейді «Dosjan temir joly» АҚ «Шығыс Қазақстан филиалы» басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Нұрлан Әділбаев.  

Қазіргі таңда Шар мен Өскемен станциялары аралығында жалпы саны 400-ден аса теміржолшы еңбек етуде. Көпшілігі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да еңбек еткен тәжірибелі мамандар. Бізге пікір білдірген Нұрлан Серікжанұлы да Семей ЖТ бөлімшесіндегі қозғалыс шаруашылығының еңбек еткен тәжірибелі теміржолшы. Концессиялық келісімге сәйкес 2028 жылы телім толықтай мемлекет меншігіне өткізілмек.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті