Аягөз – Бақты: техникалық негіздемесі жасалуда

Инфрақұрылым
05.08.2022, 09:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан темір жолының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында тағы бір ауқымды әрі тың жоба жүзеге асырылмақ. Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелі болады деп жобаланып отырған Аягөз – Бақты телімін салу мәселесі пісіп жетілуде.

Мемлекеттік деңгейдегі айтулы жоба – Аягөз – Бақты теміржолын салу таяу болашақта жүзеге асырылады. Бүгінде құрылыс жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатқан көрінеді. Бұл туралы теміржолшылар қаласы Аягөз қаласында өткен халықпен кездесу жиынында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлім етті. Президент тапсырмасының жүзеге асырылуы жергілікті атқарушы биліктің назарында тұр.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының теміржолшыларға міндеттемесі жөнінде жуырда Семей ЖТ бөлімшесінің бастығы Владимир Бабиченко да айтып өткен болатын. Осы мақсатта бөлімше тарапынан арнайы топ құрылып, кешенді жұмыс жүргізбек. Атап айтсақ, Аягөз станциясы мен Бақты кеден бекеті арасындағы 270 шақырым аумақ арнайы мамандардың көмегімен толық зерттелмек. Алынған нәтиже мемлекеттік комиссия назарына ұсынылатын болады. Қазіргі болжам бойынша желі бойында Бақты, Мақаншы, Үржар, Таскескен сынды бірқатар жаңа станциялар пайда болуы жобаланған.

Ал, Қарамай – Тачэн – Аягөз – Бақты транзиттік теміржол бағыты Ресей федерациясы мен Монғолияны да жалғай алатын әлеуетке ие. Сондықтан да, маңыздылығы зор. Ол туралы көрші елдің «Ведомости» тәрізді іскерлік бағыттағы басылымдары да сараптамалық материалдар жариялауда.

– Қазіргі күні Семей ЖТ бөлімшесінің Ресеймен шекаралас Локоть станциясындағы жүк ағыны күрт артып отыр. Нәтижесінде жергілікті теміржолшылар үшін жүктеме де көбейген. Жылжымалы құрамдар саны ақпан айымен салыстырғанда 8-9 пойызға артқан. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да ұлғая бермек. Қытайға ағылған құрамдар Достық станциясының қабылдау жүктемесіне елеулі салмақ түсіруде. Бұл да Аягөз – Бақты жобасын жүзеге асыруды жылдамдата түспек, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалы бөлімі мамандары.

Болжам бойынша Қытай тарапы және инвесторлар дайын отырғандықтан жаңа жоба алдағы жылы басталуы тиіс. Бұл ел шығысындағы теміржол желілерін салу бойынша үшінші әрі ең күрделі жоба болмақ.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті