Биыл Семей-Локоть телімінің 30 шақырымнан астамы жөнделді

Инфрақұрылым
16.09.2022, 10:03
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша бес жол дистанциясы бар десек, соның ішінде Жаңа-Семей-Дегелең және Семей-Локоть бағытында қызмет көрсететін ПЧ-39 мекемесінің жүгі біршама ауыр. Бүгінде 264 шақырымды құрайтын бас жолға техникалық күтім жасау осы дистанция жолшыларының үлесінде.

Жыл он екі ай қауырт жұмыс үстінде жүретін семейлік жолшылар үшін биылғы жылы әсіресе бөлімшенің солтүстік тармағы – Локоть-Семей бағытына ерекше күш салу қажеттігі туындауда. Оған бір себеп – қазіргі әлемдік геосаяси ахуал әсерінен Ресейден ағылатын жүк пойыздары санының күрт артуы, сәйкесінше аталмыш телім бойынша жолды жаңалау керек болып отыр. Бұл ретте биылғы жазда семейлік жолшылар бар күш-жігерлерін осы телім бойын жаңартуға жұмылдырды. Жалпы ұзындығы 119 шақырымды құрайтын Семей-Локоть телімі бойындағы 30 шақырымнан астам жол бойы күшейтілген орташа жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, желі бойындағы инфрақұрылым да жаңартылды. Телім бойындағы Ауыл, Белағаш, Дүйсекен станцияларында жергілікті жолшылар бригадасының күш салуымен жүйелі жұмыстар жүргізілді.  

– Жыл басында телімнен тәулігіне 7-8 жүк пойызы өткен болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш одан да артып отыр. Яғни, жол төсеміне түсетін жүктеме де ұлғаюда. Сондықтан бұл телімнің балдық сапасын жоғарылату міндеті жүктеліп отыр, – дейді дистанция бастығы Рахат Ботаспаев.  

Айта кетерлігі сол, солтүстік тармақтағы қумажолдарды толықтай темірбетонды шпалдарға ауыстыру мәселесі жыл санап пісіп жетіліп келеді. Жалпы, ұзақ мерзімді жоспар бойынша Семей жол дистанцияларына қарасты күрделі жөндеуден өткізілетін телімдер 2030 жылға қарай толықтай жаңартылып, ағаш шпалдар мүлде қолданылмайтын болады. Осы орайда жекелеген қумажолдар бойынша пойыздың қозғалыс жылдамдығын сағатына 80/60-тан 140 шақырым сағатқа дейін арттыру көзделіп отыр. Яғни, Ресейдің Сібір бөлігінен елдің оңтүстігін бетке алатын жолаушылар пойызының жылдамдығы сағатына 120 шақырымды құраса, жүк пойыздары 80 шақырымдық жылдамдықпен жүйтки алуы тиіс.  

– Алдағы уақытта Семей-Локоть телімі толықтай сүзгіден өткізіліп, ақаулықтары бар аумақтардың координациясы нақтыланып, арнайы регламент жасалады. Әзірге жоспар берілген жоқ. Қазір бөлімше бойынша күзгі комиссиялық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Алдағы дүйсенбіден бастап аталған телім бойына шығамыз. Осы тексерулер барысында келер жылға жоспарланатын жол жұмыстарының жай-жапсары нақтыланатын болады, – дейді бұл орайда пікір білдірген Семей магистральдық желі бөлімшесі Жол бөлімінің бастығы Қайыргелді Ахметжанов.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті