Қазақстандағы жүк тасымалының 50%-ын темір жол көлігі қамтамасыз етіп отыр

Инфрақұрылым
21.09.2022, 13:44

«Қазақстан темір жолы» еліміздегі негізгі жүк тасымалы болып отыр. Ол өнімдерді әлемдік нарыққа тасымалдауда кең көлемде қызмет көрсетеді. Еліміздегі жүк тасымалы айналымының 50 пайыздан астам үлесі Қазақстан темір жолына тиесілі. Бұл туралы  «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның логистика жөніндегі басқарушы директоры Ерлан Қойшыбаев Алматыда өткен «NEW SILK WAY» V Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумында айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жиын барысында ол әлем елдері арасындағы жүк тасымалы желісі қалыптасқанын, алайда қазіргі болып жатқан оқиғалар тасымалдау желелерін қайта құрылымдауды қажет етіп отырғанын атап өтті.

«Президент «Қазақстан темір жолын» толыққанды логистикалық компания ретінде қалыптастыруды тапсырды. Дәстүрлі транспорттық логистикадағы өзгерістерге қарамастан біз тасымалдаудың оң динамикасын сақтап қалдық. Мәселен, жүк айналымы 162 млрд тонна км құраса, жүк тасымалы 190,8 млн тонна болды», - деді Е. Қойшыбаев.  

Сонымен қатар ол экспорттық тауарларды Батысқа қарай Транскаспий дәлізі арқылы және Солтүстік-оңтүстік дәлізімен Үндістан, Пәкістан, Парсы шығанағы елдеріне жеткізуді қолға алғандарын жеткізді.

«Оған қоса Транскаспий халықаралық көлік маршруты аясында Түркия, Әзербайжан темір жолдарымен бірлесе отырып қазақстандық жүктердің сол елдер арқылы өтуіне рұқсат алынды. Бұл бағыттағы жүк тасымалы 2,7 есеге арты. Транскаспий халықаралық көлік маршрутындағы жүк тасымалы жүктемесінің жоғарлығы ондағы кейбір жерлердегі кемшіліктерді анықтап берді. Қазір оны шешу бойынша темір жол және теңіз тасымалы әкімшіліктерімен жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деді ол.

Оның айтуынша, қазақстандық жүк тасымалдаушылар үшін Түрікменстан, Иранда тарифтер төмендетілген, мәселен Түрікменстанда контейнерлік пойыздар үшін тарифті 5 есеге дейін төмендетуге қол жеткізілген. Сол секілді Иранда да қазақстандық экспортерлер үшін жеңілдіктер жасалған. Яғни, контейнермен жеткізілетін астық, көмір, металлға төменгі коэффиценттер тағайындалған.  

«Иран тарапы 7 млн-ға жуық Қазақстан жүгін ел аумағынан өтуіне рұқсат беретінін мәлімдеді. Қазір еліміздің эспорттаушылары «Болашақ-Серхетяка» трансұлттық теміржол дәлізін белсенді қолдана бастады. Маусым айында Павлодардан шыққан жүк пойызы Түрікменстан, Иран арқылы өтіп, Түркияның оңтүстік порттарына дейін 6 мың шақырым жол жүріп, 12 күнде жетті. Бұл осы елдердің қолдауымен іске асқанын атап өтуіміз керек. Қазір осы бағытта одан әрі дамыту жүріп жатыр», – деді Ерлан Қойшыбаев.  

Сөз арасында ол Қазақстан тауарларын Қытай мен Орталық Азия елдеріне жеткізу бойынша сұраныс артып отырғанын  және бұл бағытта да жұмыстар белсенді жүріп жатқанын айтты. Мәселен, осы жылдың басынан бері жүктерді контейнермен экспорттау өткен жылмен салыстырғанда 57%-ға өскен.  

Қазақстанда бірқатар логистикалық жобалар жүзеге асырылуда

Форум барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов елімізде  теміржол инфрақұрылымын, теңіз порттары мен логистикалық орталықтарды дамыту жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

«Біздің ірі жобаларымыздың бірі – Достық-Мойынты дәлізі. Біз оған үлкен үміт артып отырмыз. Сондай-ақ басқа да бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр. Олар Алматы қаласын айналып өтетін темір жол желісі, Дарбаза-Мақтаарал темір жол желісінің құрылысы, оған қоса Ақтау теңіз порты базасында транспорттық-логистикалық хаб құрылады. Мұның барлығы логистикалық тасымалдың дамуына үлкен серпіліс береді», - деді Алмаз Ыдырысов.

Вице-министр сонымен қатар Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан, Грузия және одан әрі Түркия мен Еуропа елдерін жалғайтын Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту қарқынды іске асып жатқанын айтты.

Қазақстан  мен Латвия арасындағы жүк айналымы 23%-ға артқан

Латвия көлік министрінің орынбасары Улдис Рейманистің айтуынша, биыл Қазақстан мен Латвия арасындағы жүк айналым 23%-ға артқан. Жүк айналымы негізінен Қазақстаннан темір жол арқылы жеткізілетін көмір есебінен өскен.  

«Биыл тауар айналымын тағы 10%-ға арттырамыз деп ойлаймыз. Тасымалдау жағынан бізде әзірге ешқандай қиындық жоқ, барлық мәселелер шешілуде. Бүгін біз Қазақстан делегациясымен тасымалдау, жылдам кедендік қызметтер мәселесін талқылап жатырмыз. Инфрақұрылымға келетін болсақ, ол транзиттік тасымалдауға қатысты барлық мәселелерге сәйкес келеді», - деді Улдис Рейманис Алматыда өтіп жатқан «NEW SILK WAY» V Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумында.

У. Рейманис сонымен қатар форум барысында екі ел теңіз және темір жол тасымалын дамыту мәселелерін талқылап жатқандарын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Латвияны мультимодальды тасымалдаулар байланыстырады.

Айта кетсек, Алматыда өтіп жатқан  Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумына 14 елден 350-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында қазақстандық және шетелдік салалық министрлік басшылары, жетекші көлік және тасымалдау саласындағы компания өкілдері мен сарапшылар бар.

 

Жүк тасымалы
03.12.2025
Жаңа бағыттар іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
03.12.2025
14 желтоқсаннан бастап «Астана – Омбы» бағыты бойынша пойыз қатынайды
Инфрақұрылым
03.12.2025
2025 жылға арналған жолдарды жөндеу жоспары асыра орындалды
Жаңалықтар
02.12.2025
Цифрлық кешен бригадалардың өндірістік қауіпсіздігін және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін арттырады
Жүк тасымалы
02.12.2025
ҚТЖ желісі бойынша жүк тасымалдау 287,8 млн тоннаға жетті
Жаңалықтар
02.12.2025
Өзара сенім мен ынтымақтастық жолында
Сұхбат
02.12.2025
Басты міндет – қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру
Жүк тасымалы
02.12.2025
Аустрия әлеуетті әріптеске айналады
Қауіпсіздік
02.12.2025
Айыппұлмен шектелу жеткіліксіз
Жаңалықтар
02.12.2025
Ақтау порты Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауына ие болды
Қауіпсіздік
02.12.2025
«Өртке оранған» тепловоз
Жаңалықтар / Мұрағат
02.12.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №100 02 желтоқсан 2025 жыл
Жаңалықтар
01.12.2025
«Жыл машинисі» байқауы мәреге жетті
Жаңалықтар
01.12.2025
Теміржолшылар еңбекті қорғауды бизнес-процестерге интеграциялау мәселелерін талқылады
Әлеумет
01.12.2025
Жастардың жанды бастамасы
Аймақтар
01.12.2025
Болашақ теміржолшылармен кездесті
Жаңалықтар
01.12.2025
ҚТЖ-да «е-Өтініш» жүйесінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс бойынша оқыту өтті
Жолаушылар тасымалы
30.11.2025
ҚТЖ «Алматы – Новосибирск» бағытына жаңа вагондарды жолға шығарды
Жүк тасымалы / Апта саны
28.11.2025
Достық - Мойынты екінші жолдарымен 1,2 мыңнан астам пойыз өтті
Жаңалықтар
28.11.2025
Қазақстан–Швейцария іскерлік кеңесіне 25-тен аса швейцариялық компания қатысты