Басты міндет – қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру

Сұхбат
02.12.2025, 09:30
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Айдын Сеитбенбетовпен сұхбатымыз қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты фактор адам өмірі, тасымалдау процесінде туындаған келеңсіз жағдайлардан төнетін қауіп-қатер, экономикалық шығындар, т.б. мәселелерді қозғады.

– Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бастысы қандай талаптар сақталуы тиіс? Тасымалдау процесінде тіркелген пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзу фактілерінің негізгі себептерін атап өтсеңіз.  

– Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тұтастай бір жүйе. Темір жолда әрбір маманға жүктелетін міндеттер мен қойылатын талаптар бар. Сол нұсқаулар орындалуы тиіс. Жол жөндеушіден бастап, вагон қараушы, машинист, электромеханик, инженер, тағы басқа қаншама кәсіп иесі... бірінің жұмысының нәтижесі екіншісінікіне тікелей әсер етеді. Сондықтан салғырттыққа жол беруге еш болмайды, екінші сала зардап шегуі мүмкін. Міне сол үшін күнделікті барлық құрылымдық бөлімшелерде кезекті ауысымға түскен теміржолшыларға нұсқаушылар жұмыс процесін, тиісті еңбек қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруден, нұсқама беруден бастайды. Кез келген маман теориялық, практикалық тұрғыда орын алуы мүмкін оқыс жағдайларда дұрыс шешім қабылдап, нұсқауға сай әрекет етуге дайын тұруы керек. Биыл біз филиалға қарасты құрылымдардан 121 адамды біліктіліктерін арттыру курстарына жіберуді жоспарлап, бүгінге дейін барлық маман білімін жетілдірді.  

2025 жылдың 10 ай, 24 күнінде филиал бойынша пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзудың 8 жағдайы тіркелді. Өткен жылы есепті кезеңде 6 оқиға орын алған болатын. Барлық жағдайға қатысты талдау-мониторинг жұмыстарын жүргізу арқылы түпкі себептерді анықтадық. Тасымалдау процесінде бұзушылықтардың қайталану фактілерін болдырмау үшін түпкі себебін анықтау аса маңызды.  

Орын алған бұзушылықтардың ішінде 2 жағдай маневрлік жұмыстар кезінде болған. Бір жағдай наурыз айында Жиделі станциясының Шу – Шығанақ учаскесінде тіркелді. Сағатына 12 км/ сағат жылдамдықпен келген электровоз станция қызметкерлерінің қателігінен жолдан шығып кеткен. Ал қараша айының басында Бурыл станциясының Тараз – Жаңатас учаскесінде 3 вагонды құрамнан ағыту маневрлік жұмыстары кезінде вагон тұйық призмаға соқтығысқан. Бұған пойыз құрастырушының тиісті орында болмауының салдары себеп болған. Орын алған оқиғалардың бәріне талдау жасалып, түпкі себептері анықталды. Айталық, жыл басындағы Тараз – Жаңатас учаскесінде пойыздың тоқтап қалуына тепловоздың дизель картеріндегі қысымның жоғары болғаны әсер еткен. Қарашадағы екі жағдайда локомотивтердің ақауынан пойыз жолда қалған. Қосымша басқа локомотивтің көмегімен жол ашылғанымен, бірталай жүк және жолаушылар пойызы кестеден кешікті. Барлық бұзушылықтың себеп-салдары сараланып, тиісті шаралар қабылданды.  

– Жол үсті болған соң, тосын жайттар да кездеседі. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтың алдын алып, теміржолшылар қырағылық танытқан, қатердің алдын алған жағдайлар болды ма?  

– Өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, қырағылығының арқасында келеңсіздіктің алдын алған мамандарымыз баршылық. Жамбыл локомотив пайдалану депосының электровоз машинисі Марат Абызов «Ақтөбе – Алматы» бағытындағы №34 жолаушылар пойызындағы жолаушылар өмірін сақтап қалғаны үшін Мемлекет басшысының жарлығымен «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттағанын білесіздер. Кәсіби шеберлігі мен төтенше жағдай кезінде шұғыл шешім қабылдаған машинист Аспара – Шу учаскесінде теміржол өткелінің үстінде трактордан ажырап қалған тіркемеге 2 метр қалғанда пойызды шұғыл тоқтатып үлгерген болатын.  

Өткен жылы ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосының Шу станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінде вагон қараушы Төрехан Чолпанқұлов жүк пойызының вагонынан ақау тауып, үлкен қауіптің алдын алды. Мұндай жауапты да қырағы мамандарды ынталандырып, марапаттап отыруды назардан тыс қалдырған емеспіз.  

– Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын алу жұмыстарының нәтижесі қандай?  

– Тасымалдау процесіне кедергі келтірген оқиғаларға дер кезінде талдау жасаудың пайдасы көп. Мониторинг қорытындысына қарап, ықтимал қауіптің қайдан туындауы мүмкін екенін, қай бағытта бақылау мен қадағалауды күшейту қажет екенін таразылаймыз. Бұдан бөлек, көктемгі-күзгі байқау кезінде бірқатар олқылықтың алдын алуға болады. Мысалы биыл күзгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау мақсатында маневрлік операциялар кезінде дұрыс ресімделмеген құжаттамалардың бары анықталды. Бұйрықтар мен жазбалардағы деректер сәйкес емес. Дабыл және байланыс құрылғыларының дұрыс жұмыс істемейтіні, радиобайланыстың жай-күйі қанағаттанарлықсыз екені белгілі болды. Ескерту жасалған, бірақ олар уақытылы жойылмаған. Станция басшылығына қатаң талап қойылды.  

Бұл кемшіліктер еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтардың орын алуына әкеліп соғады. Біздің міндет – қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру. Әкімшілік бақылау төмендегенде қауіп-қатер ықтималдығы артады. Орын алған жағдайларға жүргізілген талдаулар осыны көрсетіп отыр.  

– Қауіпсіз орта қалыптастыруда, қауіп-қатердің алдын алуда моральдық, материалдық жағдайларды жақсартудың да септігі аз емес. Бұл бағытта қандай іс-шаралар жоспарланған?  – Алдымен ағымдағы мәселелерді шешу керек. Желілік, өңірлік деңгейде персоналдың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне баса назар аударамыз. Төртінші тоқсанда өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша арнайы айлық ұйымдастырып, өткіздік. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына әсер ететін себептердің алдын алу және жою, маневрлік жұмыстарда туындайтын тәуекелдерге қатысты қажетті шаралар қабылдадық. Вагондар мен локомотивтерді жоспарлы жөндеуден кейін қабылдау кезінде талаптарды күшейттік. Оқытудың жаңа әдістерін, оның ішінде іскерлік ойындарды, тренингтерді, себеп-салдарлық диаграммаларды, ситуациялық схемаларды, бейнесюжеттерді пайдалана отырып, техникалық сабақтарды өткізудің жаңа әдістерін қолдануға көштік.  

Тағы бір маңызды қадам – Тараз – Түлкібас учаскесінде съездер салу. Қазіргі уақытта Маймақ, Күркіреусу, Сурым, Шақпақ, ОП-115 станцияларында диспетчерлік съездердің болмауына байланысты жолаушылар пойыздарын жүк пойыздарынан бұрын өткізіп жіберу мәселесі қиындық туғызуда. Аталған станцияларда съездер салу жүк ағынын неғұрлым ұтымды пайдалануға және реттеуге, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымы объектілеріне жөндеу жүргізу кезеңінде пойыздар қозғалысын ұйымдастыруды жақсартуға мүмкіндік береді. 

– Сұхбатыңызға рахмет!  

 

Станция тынысы / Қауіпсіздік
06.02.2026
Қауіпсіздікті қадағалаудың қандыағаштық үлгісі
Жаңалықтар
06.02.2026
Корея жастары ҚТЖ-ға келді
Сұхбат
06.02.2026
Қанат Әлмағамбетов: «Өтініш-шағымдарды екі есе төмендетуге қол жеткіздік»
Қауіпсіздік
06.02.2026
Алматыда арнайы сабақ ұйымдастырылды
Жаңалықтар
06.02.2026
Мұқағали мұрасы – ұлт қазынасы
Аймақтар
06.02.2026
Атырау теміржол музейі жаңа есіммен толықты
Жаңалықтар
06.02.2026
2025 жылы Khorgos Gateway-дың транзиттік әлеуеті артты
Жаңалықтар / Мұрағат
06.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №9 06 ақпан 2026 жыл
Жаңалықтар
05.02.2026
Өзбекстан Түркия арқылы теңізге шығудың жаңа жолын тапты
Қауіпсіздік
05.02.2026
Сексеуілде теміржол қауіпсіздігіне арналған тораптық жиын өтті
Жаңалықтар
05.02.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Құқықтық дәріхана» профилактикалық акциясы өтті
Әлемде
05.02.2026
Ұлыбританияда алғашқы аккумуляторлы пойыз жолаушы тасымалдауды бастады
Жаңалықтар
05.02.2026
Қазақстан мен Пәкістан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
04.02.2026
Қазақстан мен Пәкістан Солтүстік – Оңтүстік бағытында мультимодальды тасымалдарды дамыту туралы келісті
Спорт
04.02.2026
Қыс қызығы – «Кәсіподақ шаңғысы»
Жолаушылар тасымалы
04.02.2026
Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды
Әлемде
04.02.2026
DB және Alstom пойыздарды қашықтан басқару технологиясын сынақтан өткізуде
Цифрландыру
03.02.2026
Сингапурлық технология Қазақстан логистикасын қалай өзгертті?
Жаңалықтар
03.02.2026
Меморандумға қол қойды
Аймақтар
03.02.2026
Жауапкершілік жүгі жоғары