Шығыста 85 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіледі

Инфрақұрылым
19.05.2023, 10:06
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жазғы жол жөндеу жұмыстары Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша басталып кетті және ол мейлінше қарқынды өтуде. Биыл ел шығысында алғаш рет көлемі 85 шақырымды құрайтын күрделі жөндеу жүзеге асырылмақ.

Осыған дейін бірнеше жыл бойы Ақтоғай мен Аягөз, Үшбиік-Қарақойтас станциялары аралығында ауқымды қызу жұмыс жүргізіліп, желі бойы толықтай темірбетонды шпалдарға ауыстырылған болатын. Ол жұмысты Аягөз жол дистанциясы жүргізді. Енді міне биыл бұл «эстафетаны» аягөздіктер Жаңа-Семей жол дистанциясына өткізді. Осылайша, жол шаруашылығының білікті маманы Қанат Абдуғалиев жетекшілік ететін ПЧ-40 мекемесі байырғы Жарма дистанциясына тиесілі аймақта қызу жұмыс жүргізіп жатыр.  

– Биылғы көзделген меже – 68 шақырымды құрайтын телім бойын толықтай жаңалап шығу. Қапанбұлақ пен Нарбота станциялары аралығында үлкен жұмыс жүргіздік. Басты меже – Суырлы қумажолына дейінгі аралықты толық қамтып үлгеру. Әзірге жұмыс барысында ешқандай кедергі жоқ. Араға бір күн салып, көлемі 1 200 шақырым болатын жол табанын жаңалауға мүмкіндік алып отырмыз. Осы қарқыннан жаңылмасақ, ұзамай діттеген межеге жететін боламыз, – дейді Қанат Рысқалиұлы.  

Жуырда жаңасемейлік жолшылар Қапанбұлақ станциясы бойынша үш тәуліктік толаскез алды. Қажетті техника көлемі жеткілікті болғандықтан жоспарлы жұмыс көзделген мерзім ішінде толықтай орындалды. Негізгі жұмыс мердігер компания «Теміржол жөндеу» ЖШС-нің қатысуымен жүзеге асырылуда.

  

Бір ерекшелігі, жолшылар биылғы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімін белгілемеген. Себебі қағаздағы есепке емес, сапаға баса мән берілуде.

– Негізгі міндет – 85 шақырымдық жол бойын темірбетонды шпалдарға ауыстырып шығу. Бұл ретте тікелей менің назарға алуыммен телім бойындағы жол өткелдері де жаңартылып, жұмыс техникалық талаптарға сай жүргізілуде, – деп пікір білдірді Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов.  

Айта кетер жайт, шығыстағы теміржолшылар жол сауықтыру шараларын жыл сайын үдетіп келеді. Осыған дейін Аягөз және Семей жол дистанцияларына қарасты телім бойы күрделі жөндеуден өтіп, жолдың балдық сапасы жақсарған. Жалпы, бөлімшеге қарасты барлық телім бойы 2030 жылға қарай толықтай жаңартылып, ағаш шпалдар қолданыстан шығарылатын болады. Қазіргі болжам бойынша бүгінгі күннің өзінде жекелеген қумажолдар бойынша пойыздың қозғалыс жылдамдығын сағатына 60/80-нен 140 шақырым сағатқа дейін арттыру мүмкіндігі бар екен. Бұл – «Тальго» пайызының тек осы телімдегі шекті мөлшері. Семей мен Өскеменнен оңтүстік астана мен елорданы бетке алатын жай жолаушылар пойызының жылдамдығы сағатына 120 шақырымды құраса, жүк пойыздары 80 шақырымдық жылдамдықпен жүйтки алатын болады.  

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды