Семейде ескірген шпалдар ауыстырылып жатыр

Инфрақұрылым
04.09.2023, 12:41
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша қызу қарқынмен жүргізіліп жатқан жазғы жұмыстардың бірі – ескірген шпалдарды ауыстыру. Бұл орайда көктемнен бері қарай уақыты өткен шпалдарды жаңа темірбетонды түріне ауыстыру жұмыстары үзіліссіз атқарылып келеді.

Аталмыш бағыттағы шаралар ПЧ-39, ПЧ-40 және ПЧ-42 мекемелері телімдерінде жүргізіліп жатыр. Бұл ретте желі бойында «ЖЕЙСМАР» жол машинасы жүйелі жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңға дейін жалпы саны 4935 бірлік шпал жаңартылған екен. Бұл шаралар бойынша Семей жол дистанциясының жолшылары ерлеп келеді. Олар қазіргі таңда 3802 шпалды жаңасына ауыстырыпты.

Айта кетерлік бір жайт, осы ретте кірме жолдар мен тұйық желілер де назардан тыс қалдырылмаған. Ұзақ жылдар бойы жеке меншіктің қолында болып, мүлде жөндеу көрмеген көмір тұйықтары теміржолшылар қолымен жаңа кейіпке еніп жатыр. Соның бір мысалы ретінде облыс орталығы Семей қаласында орын тепкен РК-3 жылу қазандығына апаратын теміржол желісін атауға болады. Оның бұрынғы иесі мүлде көңіл бөлмеуі себепті жол жарамсыз күйге айналған. Тіпті, кейбір бөліктеріндегі рельстердің өзі қолды болған. Ендігі аралықта аталмыш тармақ толыққанды түрде қайта жаңғыртылды. Семей жол дистанциясы теміржолшылары бастан-аяқ жөндеп, шпалдарын қайта ауыстырып шықты. Бірінші қыркүйекке дейін мұнда жалпы саны 220 шпал салыныпты.

Желінің жарамсыз болуы себепті осыған дейін мұнда қатты отын жүк машиналарымен жеткізілетін-ді. Жай күндердің өзінде 60-80 көлік қатынауы тиіс болатын. Енді үлкен шығын мен күшті, уақытты талап ететін жұмыс әлдеқайда жеңілдеді. Көмір вагонмен жеткізілетін болады.  

Аталмыш бағыттағы жүргізілген шараларды алдағы келе жатқан жылу маусымына даярлық шаралары аясында бөлімше басшысы, Абай облыстық мәслихатының депутаты Владимир Бабиченко өзі назарда ұстаған болатын.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті