Қызылорда жолшылары бағыттамалы бұрманы ауыстырады

Инфрақұрылым
23.11.2023, 11:56
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жалағаш станциясының солтүстік алқымында жұмыс істеп жатқан  Қызылорда жол дистанциясының жолшылары бағыттамалық бұрманы ауыстырудың дайындығын жасауда.

Жалағаштық телім бригадирі Марат Пазылбековтің басшылығымен жүріп жатқан жұмысты екі топқа бөлінген жолшылар жүргізуде. Бірі ағымдық күтіммен айналысуда, екіншісі станциялық жолдағы ауыстырылатын бағыттамалық бұрма рельстерін темірбетон шпалға бекітіп дайындау жұмыстарымен айналысуда.    

– Жұмысқа қажетті құрал-сайман жеткілікті. Бағыттамалық бұрма жаңадан жинайтын болғандықтан барлық өлшемдердің сақталуына басымдық беріп, «екі өлшеп, бір кесіп» жатырмыз. Бұрма басының рельске жалғанатын жеріндегі өлшем бойынша рельске бекітілетін шпал арасы 420 милиметрден болатын болса, соңына қарай екі шпал арасы 538 милиметрлік қашықтықпен бекітілетін болады. Осы және өзге де өлшемдерден ауытқымау үшін рельс бойына бекітілетін нүктелердің орнын алдын ала өлшеп алып, қайта тексеріп жұмыс жасаймыз.  Барлық жұмыс өлшеммен жасалады. Бекітпелер бекітілетін орындарды алдын ала өлшеп, сызып белгілеп алып, бекітеміз. Жігіттердің бәрі 20-25 жыл жұмыс жасаған тәжірибелі теміржолшылар болғандықтан сенімді, – дейді бригадир Марат Пазылбеков.

Станция жолындағы №7 ағаш шпалды бағыттамалық бұрманың ауыстырылуы – жоспарлы жұмыс. Міне, жол жөндеушілер Қайрат Досаев пен Рақым Аманов рельске бекітілетін шпалдардың арақашықтығына қарай төмен түсіңкіреп тұрған шпалды астынан сүйменмен демеп бекітіп жатыр. Шпал араларының өлшемі бағыттамалық бұрманың басында 420 милиметрден басталып бекітіліп, қашықтаған сайын 538 милиметрлік арақашықтықпен бекітіліп, осы өлшемдер қадамының сақталуы маңызды саналады екен. Жалпы бұрманың басында рельстің қосылатын жерлерінде 420 мм түйіспе нүктесінен алыстаған сайын 538 мм дейінгі қашықтықпен бекітіледі.  

Рельстерді қажетті өлшемде кесіп алатын «Жейсмар» кескішімен Жеңіс Жаналиев пен дистанцияның Тереңөзек телімінен көмекке келген Мақсат Сексенбаев жұмыс істеп жатыр. Яғни рельстерді дәл өлшеммен кесіп даярлап жатыр. Ал болттарды қатайтатын бекіткіш «Жейсмар» құрылғыларымен Бауыржан Қалыбеков, Бекзат Ибрагим мен Бағдат Пірманов айналысып, пружиналы ЖБР бекітпесін бұрап жүр.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты