«Бақты-Аягөз» теміржол желісімен жылына 7,8 млн тонна жүк тасымалданбақ

Инфрақұрылым
27.11.2023, 15:20
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Президент тапсырмасы аясында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде көршілес Қытай елінен транзиттік ағындарды ұлғайту үшін бірқатар жобалар қолға алынғаны белгілі. Биылғы жылы «Бақты-Аягөз» теміржол желісі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.    

Оның нәтижесі бойынша жобаның бағалау құны 321 млрд теңге болып отыр. Ал еліміз бойынша аспан асты еліне жол тартатын желінің жалпы ұзындығы 270 шақырым болып белгіленді. Құрылысты іске асыру кезеңі 2024-2025 жылдарға жоспарлануда.  

Жоба аясында Семей ЖТ бөлімшесі мен Абай облысының әкімдігі бірлескен іс-шаралар жүргізуде. Желі бойындағы жер учаскелерін мемлекет қажетіне орай резервтеу бойынша жұмыстар атқарылды. Сәйкесінше, аймақтағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылыстар да келісілді.

Жалпы, «Бақты-Аягөз» жаңа теміржол желісі жобасын іске асыру бойынша арнайы жол картасы әзірленіп, бекітілді.  

Сонымен қатар 2030 жылға дейін «Бақты-Аягөз» теміржол желісі бойынша жүктерді тасымалдау көлемінің маркетингтік болжамы анықталды. Ол жылына 7,8 млн тонна деп бағаланып отыр. Оның ішінде Беларусь жүктерінің көлемі шамамен 3 млн тоннаны, Ресейге тасымалданатын жүктердің көлемі – 2,7 тоннаны, ал қазақстандық жүктердің көлемі 2,1 млн тоннаны құрайды екен. Бұл ретте ежелгі Жібек жолы бойында орналасқан Бақты кеден бекеті Қытайдың Еуропаға ашылған терезесі саналатынын да айта кеткен орынды.  

Жаңа желінің салынуы аймақтағы транзиттік-логистикалық салаға жан бітіреді. Соның аясында «Бақты-Аягөз» теміржол учаскесінің құрылысын ескере отырып, Бақты шекаралық өткізу пунктінің жанынан дәл «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы тәрізді «Құрғақ порт» жобасын салу және Семей қаласынан көлік-логистикалық орталық құрылысын салу межеленуде. Бұл да Президент Жолдауы аясындағы негізгі тапсырмалардың қатарына жатады.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті