Таулы өңірде 900 метр жол жөнделді

Инфрақұрылым
29.02.2024, 12:23
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістан облысында 900 метр темір жол төсемі бас-аяғы 18 сағат ішінде күрделі жөндеуден өтті. Шымкент пен Түлкібас аралығындағы темір жол телімінің 3 360-шақырымында тозығы жеткен ағаш шпалдар алынып, орнына темірбетонды рельс торкөздері салынды.

Түлкібас өңіріндегі Алатау сілемдерінің тау бөктерінде тартылған темір жол телімінің 3 360 шақырымы Жаскешу ауылының маңына тұспа-тұс келеді. Топографиялық картада бұл жерлер Қарақұс шыңы деп көрсетілген. Басын ақ қар басқан шыңның биіктігі 1 342 метр. Ал бауырын бойлай кесекөлденең салынған теміржол тармақтары теңіз деңгейінен 684 метр биіктікте орналасқан. Өткен апта осы аталған координаттар түйіскен нүктедегі маңызы жоғары стратегиялық нысанда ауқымды жұмыстар атқарылды.

Ақпан айында облыс аумағында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға қарасты бірнеше мекеме, кәсіпорын жетекшілері мен жүздеген теміржолшылар атсалысқан жоба аясында қысқа мерзім ішінде 1 900 метр шойын жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оны Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясы мен Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Шымкент жол дистанциясының ұжымы іске асырды.

– Жалпы біз жуырда ғана жоспарлы толаскезде 1 шақырым жолға дер кезінде күрделі жөндеу жүргізгенбіз. Ал оған Жаскешу ауылының маңындағы 900 метрді қоссақ, бас-аяғы 1,9 шақырым жолды толық жөндеуден өткіздік. Бұл айтуға жеңіл, ал шын мәнінде күрделі жұмыс. Бірақ мамандарымыз өздеріне жүктелген тапсырманы тиянақты атқарып, сенім үдесінен табыла білді, – дейді Шымкент магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жомарт Мырзабеков.

Оның айтуынша, мұндай жұмыстарды жүзеге асыруға дайындық жұмыстары бір ай бұрын, тіпті қажеттілік болған кезде 45 күн бұрын жан-жаққа арнайы хабарламалар жіберу арқылы ұйымдастырылады. Бұл жылжымалы құрамдардың кестесі мен қозғалыс қауіпсіздігін қатаң сақтай отырып, сапалы қызмет көрсетудің бұлжымас қағидасы.

Ал еңбек көрігі қызған телімде 200-ге жуық жұмысшы «бір атаның баласындай» әрекет етіп, жұмысқа 20-ға жуық түрлі техника жұмылдырылғанын айтып отыр Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясының Қарағанды колоннасы бойынша директор орынбасары Мұсатай Жұманов. Тапсырма талапқа сай орындалған.  

«Өзімізбен бірге ала келген техникалардың қатарында МПД кранының бірі – тозығы жеткен шпал мен рельсті тұтасымен алып, жинап жатса, енді бірі темірбетонды рельс торкөздерін төсеп жатты. Әрине, оның арасында автогрейдер қиыршық тасты тегістеп, тағы бір техника нығыздап жатады. Сонымен қатар әрбір жұмысшының өзіне тән бекітілген міндетін мінсіз орындауының нәтижесінде жоспарымыз ойдағыдай іске асты», – дейді ол.

Мамандардың айтуынша, учаскеде 1 электробаластер мен жол жиегіндегі қиыршық тастарды тегістеп, нығыздайтын арнайы техниканың 3 данасы, 2 дана бульдозер мен бірнеше шаруашылық машинасы жұмылдырылған.  

Әрине, мұның сыртында кәсіби түрде машықтанған адам араласпаса, іс өнбейтіні белгілі. Сондықтан да орайлы сәтте тәжірибесі толысып, біліктілігі жоғары жолшылардың ерен еңбегін атап өткен ләзім. Ал жол шеберлерінің легін дайындап, қалыптастыруда Шымкент жол дистанциясы ұжымының Ұлттық компанияға қосып жатқан үлесі ұшан-теңіз.

Бүгінде жас та болса бас болған Дәурен Даниярұлы жетекшілік ететін ПЧ-53 мекемесінде 369 адам жұмыс істесе, оның 245-і жол шебері санатында.  

«Біздің ұжым Түлкібас пен Арыс арасындағы 3 378-ден 3 214-ші шақырым аралығында жалпы ұзындығы – 164 шақырым жолды күтіп, баптаумен айналысады. 19 ақпан күнгі 18 сағаттық толаскезге дайындықты тастүйін жүргізудің нәтижесінде, Ағадырдан келген негізгі техникалар мен командаға өз тарапымыздан қосымша көмек ұсындық. Өзара бірлесіп, үндесе еңбек ету арқылы көздеген мақсатымызға жете алдық», – дейді жол дистанциясының басшысы.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды