Семей вокзалының аумағы абаттандырылады

Инфрақұрылым
06.06.2024, 11:18
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Айдын Шәукежанов облыс орталығындағы теміржол вокзалында көшпелі кеңес өткізді. Вокзал шаруашылығының қызметкерлері, қала әкімі, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысқан жиынға алдағы уақытта теміржол бекетін абаттандыру мәселелері талқыланды.

Жалпы, Семей теміржол вокзалының түп тарихы 1915 жылдан, сонау Алтай теміржолынан басталады. Ал, бүгінгі ғимараттың қайта салынғанына биыл 50 жыл толады. Қазақ теміржолында ғасырлық тарихы бар әйгілі вокзал бүгінгі таңда жолаушылар тасымалында 7 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Қауіпсіздік талаптары күшейтілген. Алайда, күніне 2000-ға жуық  адамды шартарапқа аттандыратын аталған нысанның маңайын абаттандыру күн талабына шығып отыр. Жаз басталысымен қала маңы тасымалы бойынша тағы екі бағыт іске қосылып, жолаушылар нөпірі тіптен көбейген.  

Көшпелі кеңес барысында НЖС-6 басшысы Айдын Мақсұтбекұлы осыған дейін вокзалдың шаруашылық тәсілмен жөндеуден өткенін айтып өтті. Алайда, оның маңайындағы қалалық әкімдік теңгеріміндегі аумақтарды жөндеуден өткізу қажет. Бұл орайда теміржолшылар қауымы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшылығына вокзал айналасына жол сызықтарын таңбалауды, архитектура бөліміне жыртылған жарнамалық баннерларды алуды және рұқсатсыз орнатылған темір конструкцияларды бөлшектеуді ұсынды. Бұл шараларды қала басшылығы да құптап, тиісті бөлімдер басшыларына вокзал маңын ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, қала әкімі тарапынан тұрғын үй инспекциясы бөліміне вокзал жанында тұрған, бөлімшенің бас ғимаратына қарама қарсы орналасқан 16 қабатты зәулім тұрғын үйдің қасбетін бояуды жоспарға алу тапсырылды. Бұл алып тұрғынүй кешенінде негізінен теміржолшылар тұрады.

Сонымен қатар, көшпелі кеңес барысында қала басшылығы қаланың қақпасы саналатын вокзалдың ішін және сыртқы қасбетін абаттандыру жұмыстарын жүргізуді сұрады. Бұл орайдағы шаралар алдағы уақытта кеңес барысында жан-жақты түрде пысықталмақ.

Жұмыс тобы көшпелі кеңес барысында теміржол вокзалы маңындағы, желі бойына жақын орналасқан аула аумақтарын аралап, ол жерлерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу, абаттандыру шараларын да назарға алды. Осы қарқынмен вокзал маңайы да көркейтілуі тиіс.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды