Дистанцияда жаңа модульді үй пайдалануға берілді (Фото)

Инфрақұрылым
06.06.2024, 13:33
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада  Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясы қызметкерлері үшін су жаңа модульді үй орнатылды. Өмір сүру талабына толықтай сай келетін, кәдуілгі жайлы пәтерден айырмашылығы жоқ жұмыртқадай ақ үйді тамашалап қайтқандар қатарында біз де болдық.

Мекеменің бас инженері Бахтияр Бекеновтің айтуынша, бұл үй вахталық әдіспен жұмыс істетін ауыр жол техникаларын жүргізетін машинистерге, жұмысшыларға арналған.  

«Біздің техникалар жоспарлы және жоспардан тыс жөндеулерге кіргізіліп, кез келген уақытта жол жөндеу жұмыстарына жұмылдырылады. Міне, осы уақытта машинистер мен олардың көмекшілері уақытша осынау модульді үйде тұратын болады, өздеріңіз көріп тұрғандай, мұнда  өмір сүруге қажетті керек-жарақтың бәрі бар», – дейді ол.

Сыртқы келбеті келісті модульді үйдің іші де ұядай жылы да жинақы,  жарық, таза екен. Он адамға арнап жасалған, екі жатын бөлменің әрқайсысында бес кереуеттен қойылған. Төсек-орын және төсек жабдықтары жап-жаңа. Әр кереуеттің жанында шағын тумбалар және розеткалар бар. Сондай-ақ әр адамға арналған киім шкафтары бар. Ал үйдің кіреберісіндегі оң жақта асүй бар. Ол газ плита, тоңазытқыш, қысқа толқынды пеш, үстел он орындығымен, ыдыс-аяқ жуатын шкафпен жабдықталған. Асүйде сондай-ақ тазартылған су фильтрына дейін  орнатылған. Таза су диспенсері де бар. Жарқырап  тұрған су жаңа ыдыс-аяқ, қасық-шанышқыларға дейін жабдықталуы – жеткізушінің жауапкершілік деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Ал келесі бір бөлме жуынатын орын, онда екі душ, үш қолжуғыш орнатылыпты. Салқын және ыстық су келіп тұр. Дәретхана іште де, сыртта да бар. Кіреберісте киім кептіретін арнайы шкаф қойылып, ол жылу беретін жүйемен жабдықталған. Модульді үй қыста ток пешімен, ал жазда салқындатқыш жүйемен жабдықталған.    

«ҚТЖ» компаниясы жұмысшылардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға, еңбек қорғауға бұрыннан да көңіл бөліп келеді. Бұған дейін де тұрып келген вагондарымыз жаман емес еді, ал мынау тіпті тамаша. Ұжымдық шарттағы әлеуметтік пакет жеңілдіктерін де толық пайдаланып келеміз. Сондықтан жұмыс берушіге алғыстан басқа айтарымыз жоқ», – дейді ДГС-519 техникасы машинисінің көмекшісі Ерден Сүлейменов.

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті