Өткелдер техникалық талапқа сай ма?

Инфрақұрылым
13.06.2024, 15:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Байырғы Түрксіб магистралі бүгінгі Семей шаһарын көктей өтеді. Қосымша кірме жолдар да көп. Соңғы кезде теміржол өткелдеріне байланысты мәселе жиі көтерілуде. Осы аптада облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов тиісті орган өкілдерімен бірге бірнеше теміржол өткелдерінде болып, арнайы кеңес өткізді.  

Қазіргі күндері облыс орталығында 26 теміржол өткелі бар. Тексеруші топ негізінен жол өткелдеріндегі асфальт жабынына назар аударды. Алдымен сол жағалаудың  Рысқұлов көшесіндегі теміржол өткеліне аялдаған басшылар мәселенің мән-жайымен танысып, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды. Өткелден пойыз өтер алдында ұзақ уақытқа жабылып, тұрғындардың шыдамын тауысатындығы тағы бар. «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ магистральдық желісі Семей бөлімшесінің басшысы Айдын Шаукежанов алдағы апталарда өткелде жол төсемін жөндеу және ескерту сигналын жаңғырту жұмыстарының аяқталатынын айтты. Облыс әкімі аталған учаскеде көліктер мен жаяу жүргіншілер кедергісіз өтуі үшін қолайлы жағдай жасауды ойластыруды тапсырды.

  

– Жалпы, өткел үстімен көпір салу оңай шаруа емес. Оның құқықтық-экономикалық мәселесін айтпағанда, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеудің өзіне біраз уақыт кетеді. Одан кейін құрылыс жұмыстары бар. Осыған байланысты қала әкіміне теміржол өтпесінің жобасын әзірлеу, жоба құнын алдын ала есептеу жұмыстарымен айналысуды тапсырамын, – деді облыс басшысы.

Айта кетер жайт, қаланың бірнеше тұсынан жаяу жүргіншілер үшін теміржол үстімен өтетін көпір салу қарастырылып, соңы аяқсыз қалған болатын. Осыған дейін теміржол өтпелерінде, яғни рельстер аралықтары мен түйіспелері маңында теміржолшылардың өз күшімен ғана ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп келген. Алайда, кейбір аумақтардағы жол төсемі бүгінгі күндері әбден тозғандықтан шұқырларды жамап-жасқаудың өзі мүмкін болмай барады. Ой-шұқыры көріне бастаған мұндай орындарға қалалық әкімдік тарапынан ешқандай күрделі жөндеу жүргізілмейді. Сондықтан әсіресе көліктер мен жаяу жүргіншілер нөпірі көп «Жансая» базары маңы мен халықаралық автожол бойындағы кейбір жол өткелдері теміржолшылардың алаңдаушылығын тудыра бастаған. Себебі бүгінде автокөлік ағыны артып, жолға түсетін салмақ көбейген.  

Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданды. Атап айтсақ, сол жағалаудағы айналма жолдағы кептелісті ретке келтіру, қауіпті жол қиылыстарында бағдаршамдар орнату мәселелері бойынша қала басшылығы мен әкімшілік полиция бөліміне нақты міндеттер жүктелді. Ал Семей магистральдық желі бөлімшесі басшылығы қаладағы барлық теміржол өткелдерінің техникалық ахуалын ұдайы назарда ұстайды. Қажет болған жағдайда облыстық әкімдік өкілдерінің қатысуымен арнайы кеңес өткізіп, теміржол өткелдерін талапқа сай ету жайын кең көлемде талқылауға салуы тиіс. Бұл бағытта  жүргізілетін жұмыстардың барлығы Семей ЖТ бөлімшесі басшылығының назарында болады.

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті